spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
25.2 C
Kokshetau

Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы отандық вакцина салдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа QazCovid-in коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина егілді. Әкімдіктің мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті келісім бойынша жүргізілді.

QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

«Бүкіл әлемдегі сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ біздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерде клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі өтті, олар жақсы нәтижелер мен жанама әсерлердің болмауын көрсетті. Қазір Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі өтуде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін», – деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ әкіммен бірге Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин де вакцинациядан өтті.

19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика