spot_img
Жұма, Ақпан 6, 2026
-15.8 C
Kokshetau

Көкшетауда бас шыршаның шамы жағылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетаудағы Абылай хан алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Көкшетазалық» ЖШС мердігерлік ұйымы арасында жаңа жыл мерекесіне орай қаланы абаттандыру бойынша келісімшарт жасалды.

Мердігер ұйым мұз қалашығын салып, түрлі композициялар, мұз қоршаулар қалады, 2 жаңажылдық шырша орнатты. Осы жұмыстар Абылай хан алаңы мен «Достар» МҮ алаңында жүзеге асырылды.

​Бас шыршаның биіктігі – 22 метр, «Достар» МҮ алаңындағы шыршаның биіктігі 18 метрден кем емес. Сондай-ақ, алаңда сырғанақтар орнатылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау: 2026 жылға арналған қаланы дамыту басымдықтары

2026 жылы Көкшетау қаласында қалалық ортаны кешенді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика