spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Дәрігерлер Көкшетаудағы газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайынан хабардар етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда газ жарылысынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы жайлы  дәрігерлер мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News»

Көкшетауда тұрмыстық газ жарылып, сегіз адамы бірдей зардап шеккен. Оның алтауы балалар. Дәрігерлердің айтуынша қазіргі уақытта олардың үшеуі жансақтау бөлімінде, екеуінің жағдайы өте ауыр.

Өрттен жарақаттанған 11 адамның сегізі ауруханаға жатқызылған. Ерлі-зайыпты екі адам облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылса, алты бала облыстық балалар ауруханасына орналастырылыпты. Ал қалған үш адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Кішкентей емделушілердің жағдайын көпбейінді облыстық аурухана дәрігерлерінен білдік. Үш бала интенсивті терапия бөліміне жатқызылса, тағы үшеуі хирургиялық бөлімге орналастырылған. Барлық балалар екі отбасының балалары екені белгілі болды.

«Екі апалы-сіңлілі қыздардың жағдайы аса ауыр. 16 жастағы қыз баланың 51 пайыз денесін күйік шалған. Ал 14 жастағы сіңлісі 25 пайызға күйгік шалыпты. Тағы екі қыздың жағдайы ауыр. Олардың денесінің сыртқы терісінің 20 және 18 пайызы күйген. Олар басқа отбасынан әрі бір отбасының қыздары екені анықталды. Барлық аса ауыр және ауыр жағдайдағы емделушілер ІІІ дәрежелі күйіктік шок жағдайында түсті, – дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жанар Әубәкірова.

Балалардың жағдайы туралы дәрігер болжам жасаудан бас тартты.

«Қазір тек алғашқы тәулік қана өтіп жатыр. Балалардың өмірін құтқара аламыз деп кесіп айту аса қиын. Барлық алты бала да хаттамаларға сәйкес ем қабылдап жатыр, – деді аурухананың бас дәрігері.

Естеріңізге сала кетсек, Көкшетау қаласының Васильков шағын ауданында кеше кешкілік сағат  ондар шамасында үйді өрт шыққан. Тұрмыстық газ үйдің бірінші қабатында жарылған.

Төтенше жағдайдың куәгерлері өрт сөндірушілер жеткенше алты бала мен екі ересек адамды жанып жатқан пәтердің ішінен алып шыққан. Тұрмыстық газ баллоны жарылған пәтерде екі отбасы тұрып жатқан. Үй иесі көшеден бес литрлік тұрмыстық газ баллонын әкеліп, дәл сол қайғылы жағдайға себепші болған. Үй иесінің газ баллонын не үшін әкелгені қазір анықталып жатыр. Өйткені бұл үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Бұл сұраққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев жауап берген жоқ.

Жалпы тек өткен аптада ғана өңірде 26 өрт оқиғасы тіркелген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img