spot_img
Жексенбі, Қазан 11, 2026
5.3 C
Kokshetau

Сөз бостандығы және жауапкершілік: әлеуметтік желідегі шекара қай жерде?

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде әлеуметтік желілер тек қарым-қатынас алаңы ғана емес. Мұнда ақпарат таратылады, тікелей эфирлер жүргізіледі және қысқа уақыт ішінде мыңдаған адам көретін түрлі контент жарияланады. Сондықтан интернет – ережесіз кеңістік емес.

Лайк пен қаралым қуған кейбір контент авторлары балағат сөз айтып, өзге адамдарды қорлап, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітетін немесе қауіпті пранктер ұйымдастыратын жағдайлар жиілеп отыр.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі заңға қайшы контентке мониторинг жүргізіп, оның авторларына қатысты тиісті шаралар қабылдауда. Әсіресе балағат сөздер, қорлау мен адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер және қауіпті әзілдерге ерекше назар аударылады.

Тек соңғы бір аптаның ішінде 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтың сипатына қарай оларға айыппұл салу және әкімшілік қамаққа алу шаралары қолданылды.

Сөз бостандығы – бәріне рұқсат деген сөз емес. Әр адам өз пікірін білдіруге құқылы. Алайда бұл құқық басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі, олардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі және заң бұзушылыққа жол бермеуі тиіс.

Әсіресе қауіпті пранктер алаңдаушылық туғызады. Кейбір авторлар әсерлі видео түсіру үшін көшедегі адамдарды қорқытып, жанжалға арандатады немесе оларды көпшіліктің алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Автор үшін бұл кезекті контент болуы мүмкін, ал оған қатысы жоқ адам үшін мұндай «әзіл» күйзеліске, қорлануға немесе нақты қауіпке айналуы ықтимал.

Тікелей эфир форматы да жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық интернет кеңістігінде жасалған кез келген әрекетке құқықтық баға берілуі мүмкін.

Смартфон экраны жауапкершіліктен қорғай алмайды. Танымалдыққа ұмтылу өзге адамды қорлауға, қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында цифрлық ортада да жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру маңызды. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, шығармашылыққа және пайдалы ақпарат таратуға арналған қауіпсіз кеңістік болуы керек.

Сөз бостандығы заң бұзушылықтан, өзге адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаудан және оның қауіпсіздігіне қатер төндіруден басталмайды.

Есте сақтаңыз: заңға қайшы әрекет үшін оның көшеде немесе тікелей эфирде жасалғанына қарамастан жауапкершілік қарастырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында рұқсатсыз граффити салудың құқықтық салдары түсіндірілді

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және вандализмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ғимараттардың қасбеттеріне, аялдамаларға, қоршауларға және басқа да...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика