spot_img
Жексенбі, Тамыз 2, 2026
28.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында «iKomek 109» тұрғындарға көрсетілетін цифрлық қызметтерді жетілдіруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, мәселелерін шешуге бағытталған «iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы тұрақты дамып келеді. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» КММ басшысының міндетін атқарушы Байборанов Асылбек мәлімдеді.

2026 жылдың басынан бері «iKomek 109» орталығына 31 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Азаматтар электрмен жабдықтау, су, жол, абаттандыру, жарықтандыру, қоқыс шығару және басқа да мәселелер бойынша 109 қысқа нөмірі, WhatsApp, Telegram және Instagram арқылы хабарласа алады.

«Біздің мақсатымыз – тұрғындардың мәселесін тек қабылдау емес, оның нақты шешілуін қамтамасыз ету. Әрбір өтініш жауапты мекемелерге жолданып, орындалу барысы бақылауда болады», – деді Байборанов Асылбек.

Биыл «iKomek 109» қызметінің мүмкіндіктері кеңейтіліп, туризм және байланыс салалары бойынша да кеңес беру жолға қойылды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» платформасымен бірлескен жұмыс және аумақтарды дрон арқылы бақылау жүйесі енгізілуде.

«iKomek 109» – әрбір тұрғын үшін қолжетімді, тегін және тәулік бойы жұмыс істейтін тиімді цифрлық құрал. Мәселе туындаса, үш цифр – 109 нөмірі арқылы хабарласу жеткілікті», – деп атап өтті Байборанов Асылбек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы кездесуде кәсіпкерлер мен ұстаздар «Әділет» партиясына өз ұсыныстарын айтты

«Әділет» партиясы Ақмола облысына барып, өңірді дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырды. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика