spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 15, 2026
15.2 C
Kokshetau

Телефондағы жаз: демалыс кезінде балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазғы демалыс кезінде балалардың интернетте өткізетін уақыты артады. Олар онлайн ойындар ойнап, әлеуметтік желілерде араласып, түрлі платформаларда жаңа таныстар табады. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы кезеңде кибералаяқтардың белсенділігі де күшейеді.

Алаяқтар көбіне балаларды ойын ішіндегі тегін бонустар, сирек кездесетін заттар немесе жалған сыйлықтар арқылы қызықтырады. Олар сілтемеге өтуді, аккаунтқа кіруді немесе SMS арқылы келген кодты жіберуді сұрайды. Нәтижесінде бала өзінің аккаунтынан айырылып, кей жағдайда ата-анасының қаржылық деректерін де қауіпке ұшыратуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде де қауіп аз емес. «Бұл сен бе?», «Сен туралы видео шықты» сияқты хабарламалар арқылы балалар жалған сайттарға кіріп, логин мен құпиясөздерін алаяқтарға беріп қоюы ықтимал.

Мамандар интернеттегі достыққа да сақтықпен қарауға кеңес береді. Кейбір алаяқтар жасөспірімдермен ұзақ уақыт сөйлесіп, сенімге кіргеннен кейін ақша аударуды немесе SMS-код жіберуді сұрайды.

Сонымен қатар жаз мезгілінде жалған ұтыс ойындары мен «оңай табыс» ұсынатын хабарландырулар көбейеді. Мұндай ұсыныстардың артында заңсыз әрекеттер немесе қаржылық алаяқтық тұруы мүмкін.

Ата-аналарға балалармен цифрлық қауіпсіздік туралы үнемі сөйлесіп, келесі ережелерді түсіндіру ұсынылады:

* банк картасының деректерін ешкімге бермеу;

* SMS арқылы келген кодтарды жарияламау;

* күмәнді сілтемелерге өтпеу;

* екі факторлы қорғанысты пайдалану;

* интернеттегі күмәнді жағдайлар туралы ата-анасына бірден хабарлау.

Мамандардың пікірінше, интернетті толық шектеуден гөрі балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру әлдеқайда тиімді.

Дереккөз: Fingramota.kz

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конго – Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары және халықты қорғау

Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақты ауру, маусымдық көктемгі-жазғы сипатымен ерекшеленеді. Аурудың өршу жағдайлары мамыр айынан тамыз айына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика