spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
14.9 C
Kokshetau

Көкшетауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 40 мың көшет отырғызылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Бұқпа төңірегінде 4 гектар аумаққа шамамен 40 мың көшет отырғызылды.
Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Атап айтқанда, AMANAT партиясының Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, табиғи ресурстар басқармасының мамандары, сондай-ақ депутаттар мен қала белсенділері атсалысты.
Партияның Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов өз сөзінде:
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен “Таза Қазақстан” акциясы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау. Бүгін Көкшетау қаласының партия мүшелері жаңа көшеттер отырғызды. Бұл – табиғатты сақтау жолындағы біздің үлесіміз», – деді.
Шараға қалалық пен облыстық мәслихат депутаттары да қатысты. Ақмола облысы мәслихатының депутаты Умар Шоназаров Президент аталған бастамаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Аталған акция өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың жаңа алаңы

Ақылбек Данабек Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Менің ойымша, Құрылтайдың құрылуы - қазіргі саяси жүйенің дамуындағы маңызды кезең. Бүгінде қоғам белсенді бола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика