spot_img
Жұма, Сәуір 24, 2026
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 40 мың көшет отырғызылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Бұқпа төңірегінде 4 гектар аумаққа шамамен 40 мың көшет отырғызылды.
Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Атап айтқанда, AMANAT партиясының Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, табиғи ресурстар басқармасының мамандары, сондай-ақ депутаттар мен қала белсенділері атсалысты.
Партияның Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов өз сөзінде:
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен “Таза Қазақстан” акциясы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау. Бүгін Көкшетау қаласының партия мүшелері жаңа көшеттер отырғызды. Бұл – табиғатты сақтау жолындағы біздің үлесіміз», – деді.
Шараға қалалық пен облыстық мәслихат депутаттары да қатысты. Ақмола облысы мәслихатының депутаты Умар Шоназаров Президент аталған бастамаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Аталған акция өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының «Smart Aqmola» жобасы «AI Governance Cup» республикалық байқауында үздік деп танылды

«Smart Aqmola» ақпараттық-аналитикалық жүйесі (ААЖ) «AI Governance Cup» атты алғашқы ұлттық жасанды интеллект жобалары байқауында «AI Өңір» номинациясы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика