2026 жылғы 25 сәуір, сағат 10.00-де
📍Көкшетау қаласында «Мәңгілік алау» мемориалды кешенінің алаңында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ағаш отырғызу бойынша республикалық акция өтеді.
👥 Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов, өңір жастары, студенттер мен еріктілер қатысады.
🌳 300-ден астам адам 200 қарағай көшетін отырғызып, қаланың экологиялық болашағына өз үлесін қосады.
📡 Іс-шараның ерекше сәті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін телекөпір болады.
#ТазаҚазақстан #Кокшетау #Экология #ЖасылЕл



