– Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Одағы әу баста әлемде бейбітшілік орнату үшін құрылған. Дегенмен екі құрылым да соғыспен бетпе-бет келіп, сәтсіздікке ұшырады. Неліктен бұлай болды? Өйткені превентивті дипломатия жоқ. Тоқаев мырза превентивті және проактивті дипломатия жайында айтты. Саяси шешімдер қабылдауда бізге осындай оң үлгі жетпей тұр, – деді Солтүстік Македония Президенті.
🟦Сондай-ақ панелдік пікірталасқа Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысты.
t.me/aqorda_resmi



