spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
6.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «КӨКТЕМ-2026» РКШОЖ өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Буланды ауданының Макинск қаласында су тасқыны кезеңіне дайындыққа бағытталған республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Сценарий бойынша бөгеттің шартты түрде бұзылуы пысықталып, тұрғындарға дер кезінде хабар беріліп, су басу қаупі бар аумақтан эвакуация ұйымдастырылды.

Сонымен қатар электр беру желілері тіректерінің құлауы кезіндегі іс-қимылдар, бөгетті қаптармен нығайту және мұз астына түсіп кеткен шартты балықшыны құтқару жұмыстары жүргізілді. Зардап шегушіні эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» авиациясы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуға 200-ге жуық адам және 51 бірлік техника қатысты.

Іс-шаралар азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын арттырып, су тасқыны кезеңіне дайындығын көрсетті.

@112aqmola

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика