spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының партия өкілдері жаңа Конституция жобасы туралы пікірлерін білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда облыстың саяси партияларының филиалдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

Талқылауға облыс аумағында жұмыс істейтін барлық жеті саяси партияның өкілдері қатысты: «Amanat», «Ауыл», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы», «Respublica», «Байтақ» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия. Кездесудің мақсаты – ашық және конструктивті диалог жүргізу, әр партия өкілінің негізгі Заң жобасының маңызды баптары бойынша пікір білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету болды.

«Саяси партиялар әртүрлі азаматтар топтарын біріктіретіндіктен, мұндай диалог алаңдарын өткізу жаңа Конституция жобасының нормаларын халыққа түсіндіруге және өзара әрекеттестіктің ашықтығын нығайтуға септігін тигізеді», – деп атап өтті Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы Роза Хасен.

«Respublica» партиясының өкілі Алмат Тоқмағамбетов ашық форматтағы талқылаудың маңыздылығын ерекше атады:

«Конституция жобасын ашық форматта талқылау қоғам пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай тақырыптар диалог алаңдарында көтерілгенде процесс азаматтарға түсінікті әрі ашық болады», – деді ол.

Кездесу қатысушыларына кез келген қазақстандық жаңа Конституция жобасына өз ұсыныстарын e-Otinish электрондық платформасы арқылы жолдай алатыны еске салынды.

Кездесудің қорытындысында партия өкілдері пікір алмасып, ашық диалогтың Конституция жобасын талқылау процесін түсінікті әрі ашық ету үшін маңызды екеніне назар аударды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика