spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында әдепке жат мінез-құлық пен  «балама» моральдық құндылықтарды өткір сынады.

– Түрлі саяси авантюристерге ұлттың негізгі құндылықтарына нұқсан тигізуге, жастарды сәнге айналған «балама» моральдық құндылықтардың жалған жолына бағыттауға жол беруге болмайды. Нені меңзегенімді бәрі түсінгеніне сенімдімін. Мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауға міндетті, ал зиянды, ашық айтсақ, әдепке жат мінез-құлықты насихаттауға қарсы тұруы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қоғамымызда неке институтын ер мен әйелдің ерікті құрылатын, мемлекеттік мекемеде ресми куәландырылатын одағы ретінде заң жүзінде нығайту керек екенін атап өтті.

– Бұл ретте мемлекеттің ресми ұстанымына қайшы көзқарастар үшін қылмыстық қудалау немесе моральдық кемсітуді жол бермеу керек. Мемлекеттің ұстанымын былайша тұжырымдауға болады: «Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Біздің мемлекет барлық азаматтың құқығы мен бостандығын, абыройы мен қадір-қасиетін мықтап қорғайды, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың V отырысының мәтін трансляциясын Kazinform сайтынан оқуға болады.

https://kaz.inform.kz/news/zhimamandarin-onrlerge-arnayi-shakiru-usinildi-kuriltay-a90d4a

фото paryz.kz

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика