spot_img
Сәрсенбі, Шілде 1, 2026
16.2 C
Kokshetau

Өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі көп жұмыс істелуге тиіс – Президент

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысында «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Фото: Ақорда
– Бұған дейін Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілді. Соған сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы 14 жылда алғаш рет аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгіздік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, биыл жазда Корея Республикасының Пусан қаласында Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысы өтеді. Сол кезде «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралады.

– Қазір Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарына кіреді. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді, – деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Президент мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум басталатыны туралы айтты.

 

https://kaz.inform.kz/news/onermz-ben-madenietmzd-orkendetu-ushn-al-kop-zhumis-steluge-tis-prezident-8ff7ee/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика