spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
17.2 C
Kokshetau

Қазақ өнері – Вена төрінде

Сондай-ақ...оқыңыз

Австрия мемлекетінің астанасы Вена қаласында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанындағы «Мұрагер» фольклорлық және «Інжу-Маржан» би ансамбльдері өнер көрсетіп, шетелдіктердің қошеметіне бөленді.

Облыстық филармония өкілі Өмірбек Салауатұлынан білгеніміздей, іс-шара Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігінің шақыртуымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Ұлыстың ұлы күніне тарту болған екен.

Вена филармониясының (Музикферайн) залында ұйымдастырылған концертке дипломатия, мәдениет, бизнес, БАҚ және Австриядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Ең алдымен Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхтар Тілеуберді, Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және Австриядағы қазақтар қауымдастығының өкілі Анар Әділбекова жылы лебіздерін білдіріп, қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін, ұлттық нақышымызды насихаттайтын өрелі де өнегесі мол мейрам Наурыз туралы кеңінен әңгімеледі.

Өнерпаздар халықаралық мәдени шара аясында қазақтың ұлттық музыкасын, биін және дәстүрлі өнерін Еуропа жұртшылығына паш етті. «Мұрагер» ансамблі халық күйлері мен заманауи өңдеудегі шығармаларды орындап, көрермендерді тәнті етті. Ал «Інжу-Маржан» би ансамблі ұлттық нақыштағы әсем билерімен сахнаның сәнін келтірді. Атыраулық өнерпаздар ұсынған кеште қазақ ән өнерінің айрықша өкілдері – Ықылас, Есбай, Дәулеткерей, Қазанғап, Абай, Ғ.Құрманғалиев, Н.Тілендиев, сондай-ақ Э.Сантеухини, Меркьюри, И.Штраус сынды шетелдік танымал композиторлардың шоқтығы биік шығармалары орындалды.

Айта кетелік, австриялық көрермен алдында өнер көрсеткен – «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров, «Інжу-Маржан» би ансамблінің көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Гүлвира Тұрақбаева.

Ал ансамбльмен тандемде және жеке орындауда республикалық конкурстардың лауреаттары – дәстүрлі әншілер Жасұлан Базарбаев пен Алида Хуанова және күйшілер Айнур Сакупова мен Санжар Қатапов өнер көрсетті.

Концертке жиналған австриялықтар мен шетелдік қонақтар қазақ өнеріне зор қызығушылық танытып, жылы ықыластарын білдірді. Олар қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра, қобыз, шертермен орындалған шығармаларға ерекше әсерленіп, қазақ биінің әсем қимылдарына сүйсінді.

Ансамбль мүшелері мұндай халықаралық шаралардың қазақ мәдениетін кеңінен танытуға үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Өнер сапарының жоғары деңгейде өтуі – қазақ мәдениетінің әлемдік сахнада өзіндік орны бар екенін тағы бір дәлелдеді.

Ұлттық өнер – ұлттың жаны. Осындай шаралар арқылы қазақтың бай мұрасы жаһандық деңгейде дәріптеліп, ұлттық өнеріміз одан әрі өркендей беретіні сөзсіз

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика