spot_img
Сейсенбі, Қазан 6, 2026
2.1 C
Kokshetau

Қосшыда “AMANAT” партиясының Ақмола облыстық филиалының азаматтарды қабылдауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Партиялықтар Ақмола облысы Қосшы қаласында және Тайтөбе ауылында тұрғындарының шағымдарын тыңдады.

Қабылдауға “AMANAT” партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Дархан Канафин, облыстық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асқар Әміржанов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев, қала мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков, партия филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Сейдахметов, адвокат Дана Баймағамбетова және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Қабылдау барысында 20-ға жуық адам өтініш білдірді. Мысалы, Қосшы қаласының тұрғындары Лесная Поляна шағын ауданында автотұрақ салу, жас білім саласының қызметкерлеріне тұрғын-үй, ШҚО- да шаруа қожалығын заңдастыру және т.б. мәселелері бойынша өтініш білдірді.

Әрі қарай мобильді топ Тайтөбе ауылының тұрғындарын қабылдады. Ауыл азаматтары зейнетақы төлеу, жер, су, дәріхана ашу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алу, қаңғыбас иттер, тұрғын-үй алу мәселелерін көтерді.

Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалып, бақылауға алынды және одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика