spot_img
Дүйсенбі, Қаңтар 20, 2025
-1.8 C
Kokshetau

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық мұхиты ойындарынан Ақмола жеңіл атлеттерінің  түрлі наградаларымен оралуы болды.

Аталмыш спорт түрі бойынша Ақмола облысынан төрт спортшы қатысты. Олардың ішіндегі ең жақсы нәтижені 4×400 метрлік эстафетада алтын медаль жеңіп алған Юрий Сафронов көрсетті. Чемпион өнер көрсетуден алған әсерімен былай деп бөлісті:

– Мен жарыс басталмас бұрын біраз қобалжып, уайымдадым, бірақ жаттықтырушым мені қолдап, тыныштандырды. Мен дайын болып, бастапқы сигнал естілгенде, жарысқа бірден  кеттім. Барлық күшімді салып,  соның арқасында керемет әсермен  бірінші болып келдім.

 

Еркін күресте қола жүлдегер атанған Николай Рублевский де жақсы нәтиже көрсетті. Елена Путинцева атудан бесінші орынға ие болып, ал Виктор Баранов 5000 метр қашықтықта сегізінші нәтиже көрсетті.

– Бұл халықаралық жарыстарға 21 елден 1300 спортшы қатысты. Менің спортшыларым үшін осындай беделді жарыстарда өздерін көрсетудегі нағыз дебют болды.  Менің ойымша, олар лайықты деңгей көрсетті, – деп атап өтті команда жаттықтырушысы Андрей Путинцев.

Спорт қаһармандарын қарсы алуға  спорт жұртшылығының өкілдері, сондай-ақ спортшылардың туыстары мен достары келіп, теміржол вокзалын спортшыларымыздың құрметіне нағыз мерекеге айналдырды. Жерлестерін жеңісімен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ерік Мұратбеков құттықтады.

Бұл жетістіктер Ақмола командасының жоғары спорттық әлеуетін тағы да растап, болашақ спортшыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img