spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Сарыарқа мөлтек ауданының жағдайы мүшкіл

Сондай-ақ...оқыңыз

Масқара, сұмдық, күз келді, жауын шашын басталды, Көкшетауда жаяу жүргіншілер қораға кірді. Облыс орталығының жаңадан салынған сарыарқа мөлтек ауданының жағдайы өте тревожный.

Мынау жолдар енді елорда іргесіндегі дамып келе жатқан жаңа мөлтек аудан емес, тура бір ешкімге керегі жоқ, билік ұмытқан ауылды еске салды, жаңа салынған ғимараттар мен тұрғын үйлердің айналасы осындай батпақ саз бен су, жаяу жүргіншіге әбден қиын. Су жаңа ауданның жолдары не болып жатыр,  мөлтек аудан тұрғындары үшін жағдай мүлдем жасамаған, осы жолдарды қандай маман салды екен деген ой келеді? Жауын шашынның қалдығы ағып кететін су жүйелері қарастырылмаған, су тізеден келеді.  Оған қоса жолдар быт-шыт болып үгітіліп жатыр.  Бұл жерде жаяу жүргіншілер түгіл көлік иелеріне де үлкен кедергі жасалған. Автокөліктер судың бетінде жүзіп жүр. Жолдарды су басып жатқаны өте алаңдатады, әсіресе жақын арада қаланы басып откен су тасқынынан кейін бұл мәселені жіті назарда ұстап, бақылаған жөн деген ойдамын.

Айта кетейін, бұл жаңа Сарыарқа мөлтек ауданында әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандар бар : олар Әл Фараби атындағы айти лицей, жаңа Виамедис емханасы және өрт сөндіру бекеті. Осы үш ғимарат бір- біріне жақын жерде орналасқан,  халықтың көпшілігі осы жерде қозғалады.

Алайда бұл жерде жолдан басқа да бірқатар шешілмеген мәселе бар, олардың біреуі қоғамдық көліктің бұл аумаққа келмеуі, барлық автобустар соңғы аялдамаға дейін басқа жолмен кетеді, мектеп оқушыларына аялдамадан мектепке дейін жету алыс, сонымен қатар жолшыбай саз бен сумен арпалысу керек, аялдамаға жеткенше бүкіл нервы кетеді.  Әсіресе бұл жағдай жауын шашын мезгілі мен қыста ушыға түседі. Естеріңізде болса, осы аялдама мәселесін қоғам белсенділері көтерген болатын, бірақ жағдай өзгерген жоқ.

Әрине көлігі бар адамға бұл мәселе аса білінбейтін шығар, бірақ, айти лицейде бүгінгі таңда мыңға жуық оқушы білім алады, олар қаланың әрбір бұрышынан, жеке көлігі жоқтар автобуспен келеді.

Көкшета қаласының әкімдігінің берген ақпаратына жүгінсек, бүгінгі таңда облыс орталығында бірқатар жол жөндеу жобалары іске асырылуда, олардың ішінде құны 3 млрд теңгені құрайтын бірнеше жылға созылған Сарыарқа мөлтек ауданының 6 жол учаскесін жөндеу жоспарланған.

Ағымдағы жылы осы Сарыарқада Назарбаев даңғылынан Ғабдуллинге дейін,  Айти лицей мен емхананың аумағында көлік жүретін жолдар мен тротуарларда су ағатын науаларының құрылысы жүргізілмек.

Бірақ, өкінішке орай, өздеріңіз көріп отырғандай бұл жұмыстың нәтижесін біз толлыққанды көре алмай отрымыз.

Сондықтан қала басшылығы автобус паркімен қоса осы сұрақты, яғни айти лицейдің алдына аялдама қосып, автобус осы шеңбермен өтсе деген мәселені бақылауға алса деген бұйымтайым бар еді. Себебі жоғарыда айтқандай бұл жерде емхана мен өрт бекеті де бар, емханаға да халық орталықтан қоғамдық көлікпен келеді.

Ал енді мынау жолдар мәселесі айтылып жатыр ғой енді, бірақ жыламаған балаға емшек бермейді демекші, тағы бір мәрте қала басшылығына өз атымнан өтініш ; осы сарыарқаның жолдары мен айти лицей аумағына аялдама қосу мәселесіне назар аударсаңыз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img