spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ақмола облыстық халықтық штаб Красный яр ауылына  барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атом электр станциясын қолдау жөніндегі Ақмола облыстық халықтық штаб мүшелері Көкшетау қаласында халықпен кездесуді  жалғастыруда.

Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту.

Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылындағы кітапхана ұжымымен кездескен облыстық халықтық штаб мүшелері алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.

Красный яр ауылындағы жергілікті аурухананың  қызметкерлері мен Красный яр көпсалалы колледжінің ұжымына  облыстық Халықтық штаб мүшелері  еліміз үшін атом электр станцияларының қажеттілігін, АЭС салудың артықшылықтарын, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздігін, олардың  жұмыс істеу принциптері және атом электр станцияларының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен бөлісті. Халықтық штаб мүшесі Ақманат Әлімбетова электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті. «АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу, ешкімге тәуелді болмау »,- деді ол кездесуде.

Ал, Көкшетау қаласындағы «Ақай» сән үйінінің тігіншілеріне Халықтық штаб мүшелері АЭС салудағы басты мақсат, оның тиімділігі, халыққа берер пайдасы туралы тұжырымдамалар  келтірді.

Ақмола облысы бйоынша Халықтық штаб АЭС салуды қолдау үшін үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда!

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img