spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Ата-ана құқығынан айыру- баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша соңғы шара

Сондай-ақ...оқыңыз

Отбасы мен балалық шақ мемлекеттің ерекше қорғауында. Бұл мемлекеттің дені сау және мықты отбасы үшін қоғамның негізгі ұясы ретінде әлеуметтік- экономикалық, саяси, идеологиялық және адамгершілік жағдайлар жасау, бала құқықтарын қорғау және қорғау жөніндегі қамқорлық үшін жауапкершілікті өзіне алады дегенді білдіреді.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандарының бірі ата-ана міндеттерін тиісінше жүзеге асырмайтын азаматтарды ата-ана құқықтарынан айыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екендігі бекітілген. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып табылады.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 60 бабына сәйкес Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар. Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр- қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Статистикалық есептерге сүйенсек 2024 жылы 1 қантардан алсақ 81 іс бойынша ата-ана құқығынан айыру туралы талап қоюлар түскен, оның ішінде 37 іс бойынша ата-аналар құқығынан айырылған.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 75 бабына ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін негіздердің толық тізбесін көзделген:
 ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
 өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;
 өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
 балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе
психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне
қастандық жасаса;
 спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық
заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса,
олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің
өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.

2
Ата-ана құқығынан айыру үшін қандай да бір негіз анықталған жағдайда сот ата-аналардың кінәлі мінез-құлқын ғана негізге алады.
Ата-ана құқықтарынан айыру бала үшін де, ата-ана үшін де маңызды құқықтық салдарға әкеп соқтыратын ең соңғы шара болып табылады.
Бұл жалпы ережелер бойынша ата-ана құқықтарынан айыру ата-анасына қатысты жан-жақты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде тиісті нәтиже бермеген және ата-ананың мінез-құлқын оң жаққа өзгерту мүмкін болмаған кезде қолданылуы тиіс дегенді білдіреді. Бүгін сот практикасы ата – ана құқығынан айыру туралы мәселені қарау кезінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда, алдын алу түрлерінің бірі-ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту сияқты шараларды қабылдауды талап етеді.
Сонымен қатар, алдын алу жұмыстарын жүргізу шеңберінде өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша мүмкін шараларды қабылдау қажет деп санаймын (мысалы: психологтың консультациясы, әкімдік тарапынан жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және т. б.).
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты инспектор – психолог Когаршин Негметова

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img