spot_img
Сейсенбі, Қараша 12, 2024
-10.1 C
Kokshetau

Щучье-Бурабай курорттық аймағы еліміздің туристік брендіне айналуы тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кеңесте Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бурабай ауданында өткен бұл кеңеске Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының өкілі, Бас прокурордың орынбасары және мүдделі ведомстволардың – туризм және спорт, көлік, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері қатысты. Онда басты назар – инженерлік-құрылыс жобаларын аяқтау және курорттық аймақты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеу мәселелеріне аударылды.

Жиынды ашқан облыс әкімі Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында ЩБКА дамуының жаңа көрінісі ұсынылды.

Президенттің Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев ЩБКА-ны дамыту бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы баяндады. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту және оның танымал ету перспективалары туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтып берді. Ол сондай-ақ аймақтың туристік индустриясындағы ағымдағы және жоспарланған іс-шаралар туралы есеп берді.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ведомствоның жоспарында – жолаушылар маршруттарының санын екі есеге, оның ішінде әуе және теміржол тасымалдарының санын ұлғайту жайы қарастырылған.

Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский курорттық аймақты дамыту жоспарының үш кезеңі аясында жүзеге асырылып жатқан инженерлік инфрақұрылым жобаларының мәртебесі туралы хабарлады: Бурабай кентінде инфрақұрылымдық желілерді жүргізу, су құбырлары мен жылу желілерін жаңғырту жағдайын кеңінен баяндап берді.

Спикерлер сондай-ақ курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту және цифрлық технологияларды енгізу, туризм саласының инвестициялық әлеуеті, экологиялық тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік туралы талқылады.

«Бізге курорттық аймақты дамытудың жаңа кешенді жоспарының негізін құрайтын тұжырымдамалық жаңа тәсіл мен нақты іс-әрекеттер қажет. Бурабай тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де танылатын туристік брендке айналуы тиіс», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Кеңес соңында Щучье-Бурабай курорттық аймағының елдің жетекші туристік кластері ретіндегі позициясын одан әрі нығайту үшін алға қойылған жұмыс бағыттары мен жүктелген міндеттерді іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Достар» мәдениет сарайының балалары «THE LEGACY SHOW ART AUTUMN 2024» фестивалінде өнер көрсетті

"Достар" мәдениет сарайында "LEGACY" ЖК және Ақмола облысының "Би спортын дамытудың ұлттық одағы" РҚБ филиалы ұйымдастырған "THE LEGACY SHOW...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img