spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген этно лагерь

Сондай-ақ...оқыңыз

Халқымыздың ешкімнен ұялмайтын тарихы мен мәдениеті, руханияты, салт-дәстүр, ырым-тыйымдарына сүйене отырып, Ақадыр ауылының жалпыорта білім беретін мектеп аумағында осымен екі жыл  қатарынан іші дәстүрге сай безендірілген киіз үй құрылып,  этноауыл жасап, ұлттық кұндылықтарымызды насихаттау мақсатында төл мәдениетімізді жаңғырту бағыты көзделді.

Жаз айлары басталысымен барлық білім беру мекемелері жанынан жазғы тынығу лагері ашылады. Бұл – оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің бірден-бір жолы. Этнолагерьдің ашылуына және бір күндік лагерь жұмысын көру үшін  қонақтарымыз аудандық білім бөлімінің басшысы Динара Кенжеболатова мен аудан әкімінің орынбасары Қанат Жүсіпов келіп ерекше ықыластарын білдіріп, лагерьдің жұмысына алғыстарын айтты.

 

Этнолагерь жұмысын бастамас бұрын, алдымен оның сыртқы көрінісін ерекше безендіруді жоспарладық. Этнолагерьге мектеп қабырғасындағы барлық оқушылар қамтылып, екі ауысыммен жұмыс жасады. «Шын шеберге шаршы алаңда тұсау жоқ» демекші, лагердің алғашқы күндерінен-ақ өнерлі оқушыларымыз жүрген жерлерін әнмен әрлеп, би билеп думандатты. Талапты да талантты балалардың қалыптасқан дағдыларын әрі қарай шыңдау мақсатында сабақ кестесі де соған сай құрылды. Балалардың әр уақыты құнды әрі жүйелі өту мақсатында күнделікті күн тәртібі бекітілді. Таңертең таңғы жаттығудан бастап, түрлі сабақтарға, үйірмелерге қатысты. Этнолагерьдегі бармағынан бал тамған шебердің барлығы –  мектебіміздің мұғалімдері мен ата-аналар. Оқушыларымызға тұрмыстық қажеттілікке байланысты  мектеп ауласына киіз үй тігілді. Жанынан алтыбақан құрылып, бес асық ұлттық ойындарын ойнайтын жер қарастырылды. Ұлттық тағамдарымыз – ет асу, қымыз пісу, бауырсақ пісіру, май бұлғау, құрт жасау тәсілдері көрсетілді. Қазақы ұмыт қалған ата дәстүрлерді жас ұрпаққа насихаттау мақсатында әжелерді шақырып, өскелең ұрпаққа құрақ құрау, ұршық иіру, ши тоқу барысымен таныстырдық. Рухани-тәрбиелік мәні бар дәстүрлерді көрсету – жазғы лагердің мақсат-міндеті болатын.

Тәуелсіздік алғаннан кейін өмірге келгендер қазақы тұрмыстың шет жағасын көрді десек, бүгінгі ұрпақ, әсіресе қала мен қала маңындағы ауыл балалары ұлттық жауһарларды кинолар мен көрмелерден көріп жүр. Ұлтының жәдігерлерінен жатырқап жүрген жеткіншектер жоқ, Абай айтқандай, «көрсем, білсем, үйренсем» деп құлшынып-ақ тұр. Баба өнерін меңгеріп, ұлттық ойынын ойнап, домбырамен ән салып, қымыз ішіп шаттанып жүр­ген жеткіншектердің небәрі жиырма күнде этнолагерь көзді ашып жұмғанша өте шықты. Мұндай танымдық жұмыс кезінде оқушылар шапшаң сөйлеуді үйренеді, оқу жылдамдығын дамытады, қатарластарымен бірге топтық жұмыс істеуге де бейімделеді. Баланы еңбекке баулу және өз ұлтының дәстүрімен, тарихымен сусындатып шығаруды шамшырақ етіп алға қарай беттеген мектеп ұжымының еңбегі ұшан-теңіз.

«Жастайынан үйретсең тасқа ойған таңбадай, қартайғанда үйретсең суға құйған ақ сүттей» деген сөз бар ғой. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларынан бастап қолөнермізді дәріптеп жатсақ – еңбегіміздің зая кетпегені.

Мейрамгүл Салам,

Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары.

Зеренді ауданы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img