spot_img
Сенбі, Мамыр 16, 2026
21.2 C
Kokshetau

Астрахан ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй сатып алынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақында ауданда болған су тасқынынан кейін кейбір елдімекендерде үйлер зақымданған еді.  Үкімет пен жергілікті органдар зардап шеккендерге қалыпты жағдайға оралуға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

«JasQogam» қоғамдық қорының қолдауының арқасында төрт отбасыға жаңа баспана сатып алынды.

«Жергілікті билікке және біз үшін қиын сәтте біздің мәселелерімізге бейжай қарамаған жерлестерге көп рахмет.  Азық-түлікпен, киіммен және барлық қажетті заттармен көмектесті.  Қазір бізде жайлы жағдайда өмір сүруге мүмкіндігіміз бар», – деп қуанышымен  Жалтыр кентінде жаңа үй алған Ягодное ауылының тұрғыны Виктор Александрович Кузьменко бөлісті.

«Әрине, жаңа жерде мен өзімнің туған Ягодное ауылын қатты сағынудамын, менің бүкіл өмірім сол жерде өтті.  Бірақ екінші жағынан, мұнда жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалғаны қуантады.  Әлеуметтік саланың нысандары – аурухана, дәріханалар, дүкендер барлығы жанымызда, – деп жалғастырды  ол.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика