spot_img
Жексенбі, Маусым 23, 2024
18.8 C
Kokshetau

Таңбалы елміз – Жабал ЕРҒАЛИЕВ

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақ ежелден өзінің Елтаңбасы мен Көкбайрағын қасиеттеп, қастерлеп ұстаған халықтың бірі! Небір заманалардың тар жол тайғақ кешу кезеңдерінде өз елінің таңбасы мен байрағын еш жауға бермеген және ешкімге де алдырмаған. Сол ұлы қасиет дарығын халқымыз бүгінгі күнге өзінің Көк туын көтеріп, Елтаңбасын жарқыратып, Әнұранын шалқыта шырқап төрткүл дүниенің төрт бұрышына, айдай әлемге танылып отыр.

Әр жылдың 4 маусым күнін Мемлекеттік рәміздер күні деп атап өтуіміздің үлкен тарихи мәнін ұлттық құндылық ретінде ұстанып келе жатқан ұлттық бітім-болмысымызға да тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 15 наурызында Атырауда өткен үшінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде «Ұлттық бірегейлігіміз мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқан.  Біздің Көк туымызда мін жоқ. Онда еліміздің бірегей болмысы нақты бейнеленген. Әнұранымыз да нағыз ұлттық рухты паш етеді. Қазақтың Әнұраны әлемнің әр түкпірінде шырқалып жүр. Жаңа жылды жақындарымыздың ортасында Әнұранмен қарсы алу жақсы дәстүрге айналды. Бір сөзбен айтсақ, Әнұранымыздың сөзі де, әуені де халықтың жүрегіне әбден орныққан»,–деп айтқаны да осы ұлттық болмысымыздың  бірегейлігін крсетсе керек.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елге, мемлекетке деген құрмет! Біз өз еліміздің Көк туы, Елтаңбасы, Әнұранына деген құрметті және сүйіспеншілікті өз ұрпақтарымыздың бойына бала күніне қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда соңғы жылдары Мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау шаралары жүйелі жүргізіле бастады, Көк туды ілудің жаңа қағидалары орнықты. Қазір тіпті Әнұран ойналса болды, аяғын жаңа басқан сәбидің өзі сәби қолын сәби жүрегенің тұсына қойып, тұра қаларына қалай сүйсінбейсің?! Әрине, сүйсінесің! Биылғы жаңа жыл кешінде әлемге әйгілі Димаш Құдайберген мемлекеттік Әнұранды орындағанда қуанбаған қазақ жүрегі қалмады! Тіпті, Қазақстанның Әнұранын әлемнің түпкір-түпкіріндегі небір халықтар қазақ тілінде айта бастады. Бұған неге сүйсінбеске, неге қуанбасқа!

Біз әлем сүйсініп отырған таңбалы елміз, танымал елміз! Елдің бірлігін, халқымыздың ынтымағын нығайта түсер Мемлекеттік Рәміздеріміздің күші мен қуаты да ешқашан сарқылмасы анық!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Көкшетау.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «MIND»акселератор командаларының Ақмолалықтармен кездесуі өтті

 Іс-шара Қазақстандағы БҰҰДаму бағдарламасының (БҰҰДБ), ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының қоғамдықжобалық кеңсесінің және Maqsut Narikbayev Universityқолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі топтар мен ұйымдар,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img