spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Көкшетауда жастарға арналған «Open consultation» ақпараттық шарасы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, Көкшетау қаласы, «РИО» сауда ойын-сауық орталығында, жастарға арналған «Open consultation» іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Көкшетау қаласының тұрғындары мен жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу, сондай-ақ үй алу бойынша депозит ашу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Шараға, Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, Ақмола облысы Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты – Жумаенов Бекзат Куатович,  Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №6 мекемесінің аға әділет майоры – Мукишев Алмас Қанатұлы, «Enki Plus» ЖШС өндіріс басшысы – Мырзагалиев Ерлан Манасович, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы азаматтық қорғау лейтенанты – Жанай Ұлан Серікұлы қатысты.

Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр. Ал, Қазақстанда жұмыссыздықтың салқыны ең әуелі жастарды шарпуда. Соңғы жылдары елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген жас мамандар қатары көбейіп кетті. Бұл – бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы анық.

Осыған орай, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жұмыссыз жүрген жастар үшін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін», аталмыш «Open consultation» сияқты кеңес беру алаңдарын жиі өткізіп отырады.

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, кеңес беру алаңдарын ұйымдастыру – жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілерге де маңызды. Себебі шара барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауына, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туғызады. Жастар ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылғандықтан, жастарды жұмыспен қамту, орталықтар үшін басты назарда тұр. Бүгінгі әдеттегідей өткізіліп жатқан шараға тек жас буын ғана емес ересек буын өкілдері де қызығушылық танытып, сұрақтарын қоюда. Студенттер бос жұмыс орындар мәселесі бойынша қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды» – деп өз сөзінде облыстық ЖРО бөлім басшысы – Мақпал Мұхтарқызы тоқталып кетті.

Айта кету керек, аталмыш алаңдар мен Бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жыл бойы әр тоқсан сайын өткізіліп отырады.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметінің мәліметі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img