spot_img
Жұма, Шілде 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

Ақкөлде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, генерал Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш ашылды.

Сондай-ақ...оқыңыз

          Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Бұл қуанышты шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.

Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған іс-шараға Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, сондай-ақ, Қарулы Күштердің ардагерлері, елордалық әскери колледждің білім алушылары, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері мен қала тұрғындары қатысты.

Құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілерінің сүйемелдеуімен және Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы оркестрінің салтанатты әуенімен іс-шараға қатысушылар даңқты жауынгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мәулен Әшімбаев Президент атынан жолданған құттықтау хатты оқып, Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен әскери жетістіктері ұрпаққа үлгі болатынын, ал оның есімі Қазақстан тарихында мәңгі сақталатынын атап өтті.

–Бұл ескерткіш – халық қаһарманына және өз өмірін Отанына қызмет етуге арнағандардың барлығына терең құрмет пен ризашылық деп білеміз. Сағадат Нұрмағамбетовтің: «Бейбіт күнді қырағы күзетіңдер!» деген әйгілі сөзі бар. Бұл сөздер тек сарбаздарға ғана емес, әр азаматқа да қатысты айтылған Бұл өсиетті ұстану – біздің перзенттік борышымыз, – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Мүсін орнату туралы бастама көтерген және оның авторы Айдос Бүркітбаевқа батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова шынайы алғысын білдірді:

–Бүгінгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әкемді құрметтеуге келгендердің барлығына ризашылығымды білдіргім келеді. Менің ойымша, бұл бізге бейбіт өмір сыйлаған бүкіл қаһарман ұрпаққа деген үлкен құрмет, –деді ол.

Салтанатты шеруге қатысқандар әскери оркестрдің әуенімен сап түзеп, алаңда жүріп өтіп, қоладан құйылған батыр ескерткішіне тағзым етті.

–Бүгін біз туған жерді табандылықпен және батылдықпен қорғаған батырларға, олардың арасында Сағадат Нұрмағамбетов пен оның отбасына қарап теңескіміз келеді. Батырдың інісі де әскери комиссар болғанын, ал жиені Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқанын жақсы білеміз. Биыл Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына, Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 35 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткіземіз. Біз жастарды жерлестеріміздің батырлығын үлгі етіп тәрбиелеуіміз керек,–деп атап өтті Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің облыстық одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай.

Естеріңізге сала кетейік, Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Ақкөл ауданының бұрынғы Трудовое, қазіргі Еңбек ауылында дүниеге келген. Әскери училищенің курсантынан армия генералына, пулемет взводының командирінен егемен Қазақстанның Қорғаныс министріне дейінгі жауынгерлік жолдан өткен. Сағадат Қожахметұлы көзі тірісінде жанқиярлық жауынгерлік еңбегі үшін 16 орденмен және 30 медальмен марапатталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img