spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында судан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері Ақмола облысының Бұланды ауданының судан зардап шеккен Иванковка ауылына келіп, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат Әлімбетова, Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смаилов, облыстық мәслихат депутаты Клара Мендібаева,  аудандық партия филиалының төрағасы Раушан Хожабай және аудандық білім бөлімінің жетекшісі тұрғындармен кездесіп, көкейкесті мәселелерін тыңдады.

Ауыл тұрғындарын мазалайтын ең негізгі мәселе ол суға кетіп жарамсыз боп танылған баспананың орнына берілетін үйдің жағдайы. Көктемгі су тасқынында Иванковка ауылын тасқын су басып, 42 үй мүлдем тұруға жарамсыз деп танылған. «Қазақстан халқына» қорының өкілдері келіп, тәуелсіз сараптама жүргізіліп, Иванковка ауылында жаңадан үйлер салынып, тасқын судан зардап шеккендерге берілмекші. Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смаиловтың айтуынша қазіргі уақытта үй иелерінің құжатын реттеу, ауыл іргесінен арнайы жер бөлу сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, таяу күндері құрылыс басталмақ.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мектеп оқушыларының көрші ауылға қатынап оқуы, интернет, жол, таза ауыз су мәселесін көтеріп, ауыл халқын медициналық көмек алу үшін аудан немесе облыс орталығына  баратындығын жеткізді. «Ауылымызға медициналық білімі бар маман қажет. Тұрғындардың басым көпшілігі зейнет жасындағы азаматтар, сондықтан біз медбике көмегіне зәруміз»,- деген халық өз базыналарын жеткізді.

Аудан әкімі Ардақ Смаилов биылғы жылы таза ауыз су мәселесін шешуге уәде берді. Сондай ақ, құрылыс басталған уақытта әр тұрғын өзіне тиесілі салынып жатқан  үйді күнделікті тексеріп, бақылап тұруға шақырды. «Өз орталарыңыздан белсенді азаматтар шығып, құрылысшыларды күнделікті бақылап, ұнамайтын жері болса сол жерде айтып отыруға құқықтарыңыз бар»,- деп ескертіп айтты.

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ардан Аралбай барлық сұрақтардың орындалуы  партияның жіті  бақылауында болатындығына сендірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img