spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Көкшетау қаласының тұрғындарына кітап оқуға толық мүмкіндік бар» , – Серік Жетпісқалиев

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының кітапханаларында  32 мыңнан астам қала тұрғыны кітап оқиды, бұл туралы AQMOLA NEWS тілшісіне «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев баяндады. 

     – Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана  жүйесі кітап пен оқуды таңдағандардың барлығына қолжетімді заманауи ақпараттық мекеме болып табылады. Ол 12 кітапхананы біріктіреді. Олардың әрқайсысының өзіндік қызмет бағыты бар. Мысалы, Орталық қалалық модельдік кітапхана «Кітапхана және ұлттық мәдениет», балалар-жасөспірімдер кітапханасы – «Экология және балалар» тақырыптық бағытымен айналысады, станциялық кітапхана «отбасылық оқу кітапханасы». Қалада кітапхана жұмысын ұйымдастырумен жеке және бұқаралық жұмыстың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын 44 маман айналысады, – дейді Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Серік Жетпісқалиев.

 

Оның берген ақпаратына жүгінсек, бүгінде қалалық кітапханалардың жалпы кітап қоры 189 592 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 95 070 дана.

 

     – Ақпараттық бәсекелестік жағдайында олардың қызметкерлері кітапхана ісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқырмандарды тартудың жаңа тәсілдерін іздейді. Қазіргі уақытта мұнда қоғамдық санада кітап пен оқудың жоғары беделін сақтауға, туған өлкенің тарихына, белгілі тұлғаларға қызығушылықты оятуға, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға, өнерге, халық қолөнеріне танымдық қызығушылықты арттыруға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған 11 инвестициялық жоба іске асырылуда, – деп хабарлады Серік Сапарұлы.

 

Спикердің айтуынша, биылғы жылы қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі қызметкерлерінің үлкен жоспарлары бар. Қабылданған даму тұжырымдамасына сәйкес ол өз қызметінің маңызды аспектілерін анықтады: қоғамның ақпараттық мәдениетін және оқуға, Отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ететін көпфункционалды және бос уақытты өткізу орталығы болу. Мамандар мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оларды «кітаппен емдеу» әдісімен әлеуметтік оңалтумен, классикалық және заманауи әдебиеттер мен музыкалық шығармалардың үздік үлгілерін дәріптеумен айналысады.

     – Бүгінгі күнде біздің кітапханалардағы оқырмандар саны –32105, жыл сайын кітап оқуға қызығушылық артып келеді. 2024 жылдың 1 тоқсанына жалпы кітап қоры 189592 дана, соның ішінде қазақ тілінде – 95070 дана. Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінде 11 жоба бар, – деп атап өтті Жепісқалиев.

 

Серік Сапарұлының берген ақпаратына сүйенсек, айталған жобалар төменде көрсетілген маөсаттарды көздейді. Мысали, орталық қалалық үлгілі кітапханада  «Көкшенің көркем сурет палитрасы»жобасы, мақсаты:  – кітапхана қорындағы  жоба тақырыбына арналған  кітап және мерзімді басылымдарды оқу арқылы жергілікті суретшілерге  деген қызығушылықты арттыруға ықпал ету, өткізілетін кітапханалық іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты өнерге тарту,  көркемдік  – эстетикалық талғамға деген қажеттілікті тәрбиелеу.

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана«Кітапхана және жастар» жоба мақсаты: Кітап оқуды ілгерілету, классикалық шығармаларды насихаттау арқылы оқырмандардың көркемдік талғамдарын қалыптастыру және қазақ әдебиетіндегі жаңа есімдермен таныстыру.

Орталық қалалық үлгілі балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қуаныш сыйлау бір бақыт» жоба. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру, оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.  Еріктілердің қатысуымен қамқорлық жасау.6 ақпан күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында«Көңілді саяхат» ойын бағдарламасы өткізілді. Ойын бағдарламасына «Көкшетау балалар психоневрологиялық МӘМ» ММ тәрбиеленушілері қатысты.

Краснояр қалалық үлгілі кітапханасында «Ауыл. Тарих. Тағылым» жобасы, мақсаты: Республика бойынша аталып өтетін «Туған жер» бағдарламасындағы маңыздылығы  ұғындыру, сонымен қатар жергілікті ақын –жазушылардың шығармашылығын,  жергілікті еңбек адамдарының еңбектерін елеп жас ұрпаққа таныстыру және насихаттау.16 ақпан күні Красный Яр қалалық үлгілі кітапханасы «Ауыл.Тарих.Тағылым» жобасы аясында ауылымыздың тұрғыны,  опера әншісі, «Қазақ мәдениетінің қайраткері», құрметті атағының иегері, «Алтын жұлдыз «Балалар үшін» төсбелгісінің иегері Төкен Ілиястің 70 жас мерейтойына орай «Өнерім-өмірім» атты кездесу кешін өткізді.Шараға Красный Яр ауылы әкіміСерікжан МейрамұлыМакиш, Көкшетау ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп ШарапұлыАлиев, Облыстық «Қоғамдық келісім» үйінің төрағасы Нугуманов Ермек Бекенұлы, Красный Яр ауылының емханасының бас дәрігері Серік ҚинаятұлыСакиев, Облыстық сот ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейрам МурзахметұлыГибадилов, Бақылау және қорғау департаменті директорының орынбасары Нұрлан РүстемұлыШериязданов, Облыстық аурухананың кардиология бөлімінің меңгерушісі Райхан ИскакқызыАбжанова, Облыстық «Арқа ажары» газетінің төрағасы Қайырбай Төреғожа, Көкшетау қалалық ақпарттық кітапхана жүйесінің басшысы  Қуаныш Ерғалиұлы Оспан қатысты.Іс шараға Ақмола филармониясының әріптестері, Қытайдан келген туыстары мен қонақтары, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж студентары қатысты. Құрметті қонақтар Бисара Макенова, Мара Есмұханова, Әбсалық Салық және Гүлжан Ахметова болды.

Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында«Туған өлке»,  мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында  өзінің  туған жері мен еліне, Отанына  деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, ұлттық рухын ояту, рухани мұраларымызды көздің қарашығындай етіп сақтау.Туған жер тарихын зерделеу Көкше өңірінен шыққан елімізге белгілі тарихи тұлғаларды өскелең ұрпаққа таныту. Өлкетану бағытындағы әдебиеттермен таныстыру,өз өлкесінен шыққан танымал тұлғаларды таныту.31 қаңтар күні Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара МәкенқызыМәкенованың70 жасына арналған«Әншіл жүрек»атты  комильфо кеші ұйымдастырылды.ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың шығармашылығы біздің өңірдің халық әнінің жанкүйерлері мен білгірлеріне жақсы таныс. Ол Франция, Түркия, Индонезия, Польша, Венгрия, Германия сахналарында өнер көрсетті. Оның өмірі- әншінің сүйікті көрерменіне жылдар бойы беретін әні. 1 ақпан күні  Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы,  Құрмет орденінің иегері, қазақ тілін оқытуға арналған методикалық еңбектердің авторы, ардагер ұстаз Ольга Мырзагелдинованың 75 жасқа толуына орай «Ұстаз тағылымы»  атты кеш ұйымдастырылды.Шараға Шоқан Уалиханов атындағы университеті жанындағы көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті каферасының студенттері мен ұстаздары, кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында қатысушылар:  Қазіргі балалардың тұлғалық қалыптасуы, отбасылық институтты нығайту мен бала психологиясын қалыптастыру, қазіргі қоғамдағы педагог мамандардың ролі қандай?,т.б деген сұрақтарға бірге жауап іздеді. 21 ақпан күні  Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Дархан дарын иесі»  атты оқырман конференциясы   болып өтті.Шараға әдебиеттанушы ғалым, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетінің оқытушысы Ерболат Баят, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры, қарымды қаламгер, ақын-жазушы Серік Жетпісқалиев және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен аталған оқу орнының  жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттері және де кітапхана оқырмандары қатысты. Шарада Сәкен Жүнісовтың  өмірі мен шығармашылығына арналған «Дархан дарын иесі»  кітап көрмесі, «Туған жер перзенті»атты видеофильм оқырман назарына ұсынылды.Іс-шара барысында оның адамзаттың үлгісі болғандығы және де  талай ғасырлар өтсе де, дарынды қаламгердің мұралары мәңгі жүрегімізде сақталып, оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, уақыт өткен сайын соны қырынан танылып, жаңа да жас оқырманын тауып, болашақ ұрпақтармен бірге жасай берері  жайлы айтылды.5 наурыз күні Қазақ қалалық үлгілі кітапханасындакөрікті Көкшені өлең жырмен өрнектеп, әуезді әндерімен айшықтаған тума талант, арқалы да ақтаңгер ақын Мұса Асайыновтың 95 жылдығынаарналған «Айтыстың ақтангері» атты әдеби танымдық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында Мұса Асайыновтың өмірі мен шығармашылығын қамтыған кітап көрмесі көрсетілді. Мұса Асайыновтың халық сақталып, ел аузында қалған жүректің нәзік қылын шертетін әуезді әндері шырқалды. Елі үшін елеулі еңбек сіңірген ерен тұлғаның ұйымдастырушылыққабілеті,адамгершілігі туралы ғибратты естеліктерімен бөлісті.

«Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында«Көкшенің асыл перзенттері»жобасы, мақсаты: Ұлттық мұраны насихаттау, Көкшетау өңірінің тарихи тұлғалардың шығармашылығымен таныстыру. 22 ақпан күні «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапхана С.Жүнісовтың 90 жылдығына орай «Көкшенің серісі»атты әдеби портретін өткізді

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды белгілі қазақ прозашысы С. Жүнісовтің өмірбаянымен таныстырды. Жазушының ең көрнекті шығармаларын еске алып, оның пьесаларынан үзінділер оқып, С. Жүнісовтің қолда бар кітаптарымен танысты. Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен қызметі туралы материалдар: энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалықтар және ол туралы әдебиеттер көрсетілді.

Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында  «Қолөнер – сырлы өнер» жобасы, мақсаты:  Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – ағаштан түйін түйген қолөнер, тоқыма, кесте өнерлерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту. 28 ақпан күні Бірлік қалалық үлгілі кітапхана «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты ақпарат өткізді.Бүгінгі қолөнер дәстүріне келетін болсақ,Бірлік ауылының тұрғыны,  қолөнер шебері Бегзан Алмазбекпен кездесу өтті. Ұлттық нақыштағы қолдан қашалып жасалған бұйымдары өте көп. Жастар қауымына қобыз,оюмен зерленген тостағандар, кебеже, т.б. заттары көрсетілді. Ол өзінің төл туындыларын жастар назарына жиі ұсынады және көптеген көрмелерге қатысты. Бұл кездесу жастарды қолөнершілік өнерге бір табан жақындатты.

Электронды қалалық кітапханасында «Ескерткіштер сыр шертеді» мақсаты: Жас ұрпақты құндылықтарымызды сақтауға, тарихи ескерткіштерді, мәдени мұраларды қастерлеуге, құрметтеуге шақыру. Жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру.

Застанциондық қалалық үлгілі кітапханасында «Еңбек елдің мұраты»   жобасы өткізілді. Мақсаты: Еңбек адамы мәртебесін арттыру,еңбекқолыққа тәрбиелеу.1 ақпан күні Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана«Еңбек түбі – береке»аттыбиблио кездесу өтті. Іс –шараның қонағы«Арна» Көкшетау жоғары колледжінің ақпараттық жүйелер мұғалімі Гүльдана Сейтқалиқызы Абильгазина еңбек жолына тоқталып және  жоғары курстың студенттері еңбектің маңыздылығы мен сәні туралы өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар қазігі уақытта қандай жұмыстар жүргізіп жатқандарына тоқталып өтті.Кітапхана оқырмандары,№14 ЖББ 10 сынып оқушылары сұрақтарын қонақтарға жолдады. Кітапхананың қонақтары оқырмандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасында «Жанға шипа, көңілге медет кітаптар». Жоба мақсаты: зағип және нашар көретін азаматтарды «Кітаппен емдеу» әдісімен әлеуметтік оңалту, классикалық және қазіргі заманғы әдебиет пен музыкалық шығармалардың үздік үлгілерін таныстыру.6 ақпан күні Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапхана «Тағдырдың талайына мойымаған»атты кездесу өткізілді.Аталған шараның қонағы –  І топтағы көз мүгедегі, кітапхана оқырманы, тоғыз құмалақ, шахматы, шашки ойындарыңың жеңімпазы Клара Зияшқызы Асқарова. Шараға Қазақ зағиптар қоғамының Ақмола облыстық филиалының төрайымы М.В. Тәңірбергенова; «Альфа-2030»корпоративтік қорының басшысы В.А. Селиванов;  кітапхана оқырмандары жәнеШ.Уәлиханов атындағы университет жанындағы Көпсалалы колледжінің 1 курс студенттері қатысты.Іс шара барысындаҚазақ зағиптар қоғамының Ақмола облыстық филиалының төрайымы М.В. Тәңірбергенова Алғыс хатпен марапаттады.«Альфа-2030»корпоративтік қорының басшысы Владимир Селиванов сөз сөйлеп, шағын сыйлық табыс етті.«Гармония»көркем-эстетикалық клубының мүшелері- Дәметкен Канурова,Светлана Оладько, Ульяна Королькова  ән шашулерін ұсынды.Клара Зияшқызы өмірбаяны мен спорттық жетістіктері жайлы айтып, жастарға ақыл кеңестерін берді. Алғыс хаттары, Мадақтамалары, медальдары көрмеге қойылып, көрерменге ұсынылды.

Балалар кітапханасында«Оқитын аула» атты жоба өтті.Мақсаты: қаладағы аулаларда балаларға ертегiлер оқып, оның мазмұнын бiрлесе талқылауды, викториналар өткiзудi, егде жастағы оқырмандарға газет-журналдар ұсынуды, жаңа түскен кiтаптармен таныстыруды, кiтапханаға тартуды көздейдi.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img