spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

«Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі»жобасының жастарға берер өнегесі мол.

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, өңірлік Ішкі саясат басқармасы және Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» атты іс-шарасы өткізді.

Аталған шара, Көкшетау қалалық мәслихат депутаты Әлібек Серғалиевтің бастамасымен өткізілді. Шараның мақсаты – жастарды дұрыс бағытта өмір сүруге шақыру, бос уақытты тиімді пайдалану, қылмыс жасамау, заң бұзушылықтан аулақ болу және тағы басқалары болып табылады.

Шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев, Көкшетау қаласының мәслихат депутаттары, жоғары және орта оқу арнаулы мекемелерінің студенттері, ұйымдастырушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша, республикалық ММ, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан «Т» есімдітұтқын және ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша, республикалық ММ, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан «Ж» есімдітұтқындалған азаматшадан сұхбат алудан бастау алды. Әрқайсысы өздерінің өмірбаяндары мен өкініштерін айтып, қалайша осындай жолға түскені жайында баяндап, қара темір тордың артында қаншалықты қиын екені, бұл өмірде бостандыққа жететін еш нәрсе жоқ екені, өмірде қателесу оп-оңай және уақытты кері қайтару мүмкін емес екендігі жөнінде сөз қозғап, шын ниеттерімен жастарды қателіктер жасамауға шақырып, бастарынан кешкен қиыншылықтарды ешкімге көрсетпесін деп тіледі.

Одан әрі шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, кездесу соңында Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Мейірханұлы басқарма атынан аталмыш жас жобаны қолдайтынын айтып, ал залда отырғанжастарға оқуда жаңа жетістіктерге жетіп, тек жағымды қырларымен көрініп, жастар саясатын,жалпы елдің дамуына атсалысуға әрқашан дайын болуларын сұрады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img