spot_img
Бейсенбі, Мамыр 30, 2024
5.6 C
Kokshetau

Алға ұмтылған «Адажио» би студиясы

Сондай-ақ...оқыңыз

Көрікті Көкшетаудың «Адажио» би студиясы шырайлы Шымкент қаласында өткен «Наурыз art fest» республикалық байқауында өнер көрсетіп, өз биігінен көрініп оралды. Студия жетекшісі Айя Серікқызы «Үздік жетекші» аталымын иеленіп, ақшалай сертификатқа ие болды.

Өнерге қанат қаққан балаларды бидің қыр-сырына үйрететін «Адажио» би студиясы облыс орталығында 2021 жылы ашылған. Үш жыл ішінде талантты шәкірттер тәрбиелеп, үлкен сахнаға шығуларына себепші болды. Аз ғана уақыт аралығында адажиолықтар көптеген республикалық, халықаралық фестиваль-байқауларға қатысып, жүлделі орындарды бағындыруда.

Студия ашылған жылы Өзбекстанның елордасы – Ташкент қаласында өткен үлкен байқауға жүздеген баланы қатыстырып, сол 5 топты құраған бишілер ұжымы екі Гран При, екі І орын, бір ІІ орынды иеленіп, көкшеліктерді қанжығаларына байлап оралған жүлделерімен қуантты. Сонымен бірге, студия тәрбиеленушілері Қырғызстанның Ыстықкөл, еліміздің Астана, Түркістан, Алматы, Ақтау қалаларында да өнер көрсетіп, байқаулардан Гран-при және бірінші орын иегерлері атанып келеді.

Студияның әр бишісі өзін аталған «Адажио» отбасының ажырамас бөлігі, сол шаңырақтың бір уығы санайды.

–Жақында Ұлыстың ұлы мейрамына орай Шымкент қаласында ұйымдастырылған «Наурыз art fest» республикалық байқауына «Адажио» би студиясынан 8 топты құрайтын жүздеген баланы би билеуге апардық. Сәтін салып, бұл жолы да қанжығамыз майлы оралды. Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен әрі ата-аналардың демеуімен барып, балғын балаларымыздың өнерін паш етіп келдік. «Creative fest» жастар қозғалысы ұйымдастырған  байқау нәтижесінде 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тобы «Балапан» биімен Гран Приді жеңіп алды. 4-6 жас аралығындағы үш кіші топтан «Замечательный сосед» биі бірінші орынға қол жеткізсе, екі кіші топта «Лярке» және «Стюардесса» билерімен Гран При жүлделерін жеңіп алды.  6-8 жастағы балалардың бастауыш тобы «Болливуд» биін билеп, бірінші орыннан көрінсе, орта топтағылар «Там, где хорошо», «Flame dance» билерімен Гран-При және бірінші орынға ие болды. 10-16 жас аралығындағы жеткіншектердің «Құрбылар» композициясы қазылар алқасының назарына ілігіп, Гран-Приге ие болды және «Үлкен отбасы» аталымының жеңімпазы атанып, кубокпен марапатталды. Бұл орайда, студияның хореографтарының еңбегі зор. Камила Бегайдарова, Әнел Қадырова, Нэйля Молдахметова балалармен уақытпен санаспай еңбек етіп, биге баулыды, қимыл-әрекеттерін түзеді, үйретті, –дейді студия жетекшісі Айя Серікқызы.

Осыншама баланы өнерге баулып, шығармашылыққа жетелеген студия жетекшісі Айя Серікқызының да еңбегі еленіп, «Үздік жетекші» аталымын иеленгені тәрбиеленушілердің, ата-аналарының тағы бір қуанышы.

Сонымен бірге, бүлдіршіндер осы сайыстарға қатысып қана қоймай, шырайлы қаланың көрікті жерлерін аралап, үлкен әсермен оралғандарын айтады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы туризмді дамыту мен балалардың жазғы демалысы талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік отырысында өңірімізде туризмді дамыту және балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img