spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
7.1 C
Kokshetau

Қоғамдық қабылдау шеңберінде 2062 азаматтың мәселесі қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қоғамдық қабылдаудың жұмысы қарқынды, бұл туралы толығырақ «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау меңгерушісі Дархан Қанафин баяндайды.

«AМANAT» партиясының  аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар және елмен етене жақын болу мақсатында қоғамдық қабылдау бөлімдері тәулік бойы онлайн және офлайн форматында жұмыс істеп тұр.  Мұндай жұмыс түрі билікте­гі­лердің жергілікті жерлердегі адам­дардың өтініш-шағымдарын тың­дап, қордаланған проблема­ларын шешуге қолайлы деуге болады. Көптеген азаматтар әділдік із­деп «AМANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлме­сіне келеді. Сондықтан қоғамдық қабылдаулар аза­маттарға заңдық, психологиялық демеу тұрғыдан көмек көрсетуден жалыққан емес. Әр бір арыз-шағым­дардың артында қилы тағдыр тұратынын білеміз. Жыл өткен сайын қоғамдық қа­былдау бөлімдеріне өтініші айтып, көмек сұрап келетіндер саны арту­да.

Оған дәлел, биылғы жылдың үш айында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің атқарған жұмыстары толайым.

Бізге түрлі сұрақтармен жүгінеді және біздің міндетіміз – туындайтын мәселелерді атқарушы және құқық қорғау органдарын тарта отырып, азаматтардың мәселесін шешуіне көмектесу. Азамат көтерген кез-келген мәселе егжей-тегжейлі қарастырылып, зерттелуі керек. Сондықтан әрбір филиал, әрбір бастауыш партия ұйымы азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу процесіне белсенді түрде тартылады. Облыс бойынша 2024 жылдың 3 айының ішінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2062 адам жүгінді. Қарау нәтижелері бойынша 64% оң шешілді, 34%-ына түсініктемелер беріліп, консультативтік көмек көрсетілді және 2%-ы бақылауға алынды.

Мәселен, аумақтық филиалдардың қоғамдық қабылдауларына азық-түлік, дәрі-дәрмек, көмір, отын, малға жем-шөп алып беруге көмек сұраушылар бар. Бұл мәселе көп қарауды қажет етпей, тікелей депутаттар және кәсіпкерлер арқылы шешімін тауып жатыр. Құжат мәселесін реттеу бойынша да жүгінетіндер аз емес. Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерге сапары барысында тұрғындармен кездесуде Мәжіліс депутаты Юлия Кучинскаяға Степногорск қаласының тұрғыны жақын туысқанының баласын асырап отырған азаматша құжаттарды реттеуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. ҚР Ішкі істер және Білім Министрлігінің  ынтымастасуы нәтижесінде мәселе оң шешіліп, баланың құжаттары түгел реттелді.

Жалпы, биылғы жылдың үш айында өңірімізге іс сапармен келген Мәжіліс депутаттары 19 қабылдау өткізіп, 116 азаматтың мәселесін қарады.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Айдын Төребаев Қосшы қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оңалту орталығында болып, мекеме қызметкерлері балаларға теледидар керек екендігін жеткізген болатын. Аталған орталықтың жұмысымен танысқан депутат орталыққа теледидар сыйға тартты.

Ал, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі әрі «Beibarys» аумақтық комфорт құрылтайшысы Руслан Шамкенов  Аршалы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне су жаңа ГАЗель микроавтобусын сатып әперді. Бұл да спорт мектебінің депутатқа өтініші негізінде оң шешілген мәселе. Балаларды спорт жарыстарына апаруға арналған 13 орындық автокөліктің құны 17 млн.теңге.

Мұндай оң шешілген мәселе көп.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары да партия алаңында  тұрғындарды қабылдауы  дәстүрге айналған. Биылғы жылдың 3 айында осындай  96 қабылдау өтіп, 265 азаматтың өтініші қаралды.

«Халыққа көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіледі, апта сайын қабылдауларды заңгер, нотариустар, адвокаттар мен медиаторлар жүргізеді. Қарау қорытындысы бойынша азаматтарға ауызша заңгерлік кеңес берілді, сот құжаттары жасалды, соттарда азаматтардың мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, нотариустар мен медиаторлар 47 қабылдау өткізіп, 160 азаматқа консультативтік көмек көрсетті.

Барлық деңгейдегі әкімдер мен оның орынбасарлары 55 қабылдау өктізіп, 184 тұрғынды қабылдады. Ал облыстық, қалалық департамент басшылары 96 қабылдау өткізіп, 265 азаматтың өтінішін қарастырды.

Биылғы жылдың басынан бастап  өңірімізде жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы негізінде қоғамдық қабылдауларда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ақмола облысы бойынша филиалының,  Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасының өкілдері мен екінші деңгейдегі банк қызметкерлері   азаматтарды жеке мәселесімен қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.
Тұрғындар алаяқтардың кесірінен  рәсімделген несие, банктегі несиелердің пайыздық үстемақысын төмендету, несиенің кешіктірілуі немесе мерзімін өзгерту және тағы басқа қаржылық мәселелер бойынша сұрақтарымен жүгінеді. Құзіретті мекеме өкілдері толық заңгерлік, қаржылық көмек беріп, сонымен қатар, қазіргі уақытта облыс бойынша жүріп жатқан «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы бойынша қаржылық сауаттылықтарын арттырып, тегін оқу курсын аяқтау бойынша кеңес беруде. Қаржылық сауатын арттырамын деушілерді арнайы курсқа жазғызып, тегін оқытып жатырмыз.

Партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәжірибесі бар. Мәселелерді шешуге жәрдемдескеннен кейін өтініш берушілер партияға кіруге ниет білдіреді. Мәселен, ағымдағы жылдың 3  айында партияға 79 жаңа мүшелер қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылданды.

Халық пен билік арасында дәнекер бола білген партия тұрғындардың өтініш тілектерін шешу жолында одан әрі жұмысын жалғастыра бермек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img