spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі Көкшетаудағы су басқан № 22 жалпы білім беретін мектепке барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Бірлік елді мекеніндегі су басқан №22 жалпы білім беретін мектепке барып, ондағы төтенше жағдайдың салдарын көрді.

Су тасқынының себебі – тартылған электрлік коммуникация саңылаулардың герметикалығының болмауы. Жұмылдырылған күштер мен құралдар еріген суды сору жұмыстарын жедел жүргізді. Мектеп материалдық тұрғыдан зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта мектептің жертөлесі қанағаттанарлық жағдайда. Көкшетау қаласының әкімдігі мектеп ауласы мен сыртында су сору жұмыстарын жүргізді.

Нысанды қарап шыққаннан кейін өңір басшысы су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне барлық мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды аралап шығу жүктелді. Сондай-ақ, елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арықтар мен каналдарды тазарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Биылғы 20 наурыздан бастап облыстың жергілікті атқарушы органдарының барлық деңгейлерінде су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img