spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдар су тасқынына дайындалуда.

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазір автомобиль жолдарындағы көпірлер мен құбырлардың тесіктері мен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақмола облысы бойынша филиалы.

Көктемгі жылынудың басталуымен жол қызметтері су тасқынына қарсы шаралар қабылдайды. Яғни, су өткізгіш құбырларды, көпірлер мен өткелдерді қармен мұздан тазартады. Бұл шаралардың барлығы автожолдардың су басуын болдырмауға бағытталған. Сондықтан, су өткізгіш құбырларды қар мен мұздан тазарту еріген судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі таңда 1119 су өткізгіш құбырдың 1028-і толығымен тазартылды. «ҚАЖсервис» филиалының күшімен қалған су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 19 көпірдің 6-сы қар мен мұздан тазартылды. Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жақын арада аяқталады», – деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК Ақмола облысы бойынша филиалында.

Ақмола облысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы автожолдарды қысқы күтіп ұстау және оларды су тасқынына дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 263 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img