spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16 C
Kokshetau

Ақмола облысында ауылдық округ әкімі алаяқтық үшін бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сот үкімімен ауылдық округінің әкімі «К.» лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны (ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3)-тармағы) үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ЖШС-нің құрылтайшысы «Г.» аса iрi мөлшерде алаяқтық (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы) жасағаны үшін материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды Атбасар аудандық соты.

2021 жылы Атбасар ауданында әкім «К.»-ның атынан ауылдық округ әкімдігі және ЖШС-нің директоры Полтавка ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

Аталған ЖШС-нің құрылтайшысы «Г.», директор болып табылмағандықтан қол қою құқығы болмай, ЖШС-нің шотына бюджет қаражатын аудару үшін 40 млн теңге сомасына орындалған жұмыстардың жалған актілерін жасап, қол қойды.

«К.» актілер мен орындалған жұмыстардың бағасы туралы анықтамалар дұрыс емес, жалған екенін біле тұра, қабылдап, оларға қол қойған.

Заңсыз жасалған актілердің нәтижесінде, мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді. Үкім шығарылғанға дейін келтірілген залалдың сомасы сотталушылармен өтелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотпен, ауылдық округ әкімі тарапынан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ұқсас құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау үшін аудан әкімінің атына жекеше қаулы шығарылды.

Бұдан бөлек, үкімді жариялау ауданның ауыл округтерінің әкімдерін, ТКШ, құрылыс бөлімінің басшыларын ескерту мақсатында жария сот процесі нысанында өткізілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img