spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспары қабылданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана агломерациясын дамыту бойынша кешенді жоспардың негізі халықтың көші-қоны және Астана қаласы мен елордаға іргелес елді мекендер арасындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның теңгерімсіздігі мәселесін шешу болды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Астана агломерациясын дамыту мәселелері қаралған отырысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Жалпы облыста тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және инвестиция тартуға бағытталған 245 іс-шара жоспарланған. Коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылатын болады.

«75 іс-шара тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған – сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау. 500 км желілерді салу және реконструкциялау есебінен агломерацияға кіретін ауылдар 100% сумен қамтамасыз етіледі, оның ішінде су құбыры жоқ 9 елді мекен. Электр, жылу және газды өндіру және тасымалдау бойынша қуаттардың тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Осыған орай, Қосшы қаласы мен Ақмол ауылында жаңа қазандықтарды салу жоспарлануда. Сондай-ақ Қосшыда жұмыс істеп тұрған қазандық пен 30 шақырым желі қайта жаңғыртылады. Жалпы, агломерацияның елді мекендерінде 1163 шақырым газбен жабдықтау желісі және 800 шақырым электр желісі тартылып, жөнделеді», – деді облыс әкімі.

Көліктік-логистикалық әлеуетті нығайту үшін 66 жол құрылысы және жөндеу жобасы жоспарланған.

Жоспар әлеуметтік және қауіпсіздік шараларын қамтыды.

Үш ауысымды оқытуды болдырмау және мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті қысқарту үшін Қосшы қаласында мектеп пен балабақша, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында көпсалалы аурухана салынады.

Қосшы қаласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

«Қалада соңғы екі жылда ірі әлеуметтік және мәдени нысандар бой көтерген жеке инвестицияларды тарту нүктесі болып табылады. Болашақта Қосшы елорда іргесіндегі ауылдардың «магнитіне» айналады», – деді Ақмола облысының әкімі.

Сонымен қатар, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын өндіру, сондай-ақ жеке инвестиция есебінен туристік нысандарды пайдалануға беру бойынша 42 жобаны жүзеге асыру 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Целиноград ауданында 18 азық-түлік өндіру кәсіпорны құрылады. Бозайғыр, Жалтыркөл, Қоянды.

Инвестициялар мен туристерді тарту мақсатында Қосшы қ. мен Бозайғыр, Аққайың, Талапкер, Жібек жолы, Қаражар, Талапкер ауылдарында 6 туристік нысанды енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Аршалы ауданында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағы құрылды. Мұнда жаңа өндіріс орындарын құру үшін сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы қарастырылған.

«Жалпы, агломерацияға кіретін елді мекендерге ерекше мәртебе беруді және Кешенді жоспарды жүзеге асыру тұрғысынан оны икемді етуді ұсынып отырмыз. Кешенді жоспардың қабылдануы Астана мен агломерация елді мекендері арасындағы алшақтықты азайтуға оң әсерін тигізеді, сонымен қатар елордаға қатынауды азайтады», – деп түйіндеді сөзін Марат Ахметжанов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img