spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов республика бойынша Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.
Өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық даму туралы айтып, өңірдің басым салаларын таныстырды.
«Президенттік кадрлық резерв форумында Мемлекет басшысы дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту қажеттігін атап өтті. Сіздердің әрқайсыларыңыз іріктеуден өтіп, облыстың дамуына өз үлесін қоса алатын лайықты кандидатура болуына сенемін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Кездесу барысында М.Ахметжанов өңірдегі кадрларға қажеттілік пен еңбек жағдайлары туралы айтты.
«Біз облыстың атқарушы органдарына білімді және патриоттық жастарды тартуға тырысамыз. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында жұмыс жоғары білікті мемлекеттік қызметшілер үшін мансаптық өсуді қамтамасыз ету басымдығымен адалдық пен адамгершілік қағидаттарына негізделген», – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде резервшілер облыстағы еңбек жағдайлары мен бос жұмыс орындары туралы сұрақтар көтерді. Сондай-ақ, олар іс-шараның өнімділігі мен ақпараттылығын атап өтті.
«Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет. Сіз – еліміздің резервшілерін жинаған облыстың бірінші әкімісіз», – деді Президенттік кадр резервінің мүшелері.
Айта кетейік, қазір Ақмола облысына екі резервистті жұмысқа орналастыру қарастырылуда.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, жаңа буын басқарушылары формациясының өкілдеріне табыс тіледі.
Айта кетейік, Президенттің жастар резерві бастамасын қолдау мақсатында Ақмола облысында ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталады, онда мемлекеттік органдарда жұмыс істеу үшін инновациялық ойлы жас көшбасшылар тобы құрылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img