spot_img
Бейсенбі, Наурыз 27, 2025
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда республикалық қысқы ойындар басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Жұлдызай -2024» шаңғы жарысы бойынша Республикалық қысқы ойындар басталды.

Жарысқа еліміздің алты өңірінен – Астана қ., Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстарынан спортшылар келді. Жарысты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт істері комитеті, Ұлттық паралимпиада комитеті, «Көкшетау Арнайы олимпиадасы»  ҚҚ, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «BI Жұлдызай» қайырымдылық корпоративтік қоры ұйымдастырды.

– Біздің «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорын 2004 жылы BI Group құрылыс компаниясының қызметкерлері құрды. Ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Сонымен қатар қор ерекше балаларды инклюзиялауға және әлеуметтендіруге көп көңіл бөледі, осы мақсаттар үшін жыл сайын олардың арасында шығармашылық фестивальдар,  спорттың әр түрі бойынша  «Жұлдызай» спартакиадасын өткізеді.- дейді «BI-Жұлдызай» қорының директоры Алмагүл Сәлімбаева. Бүгін біз Көкшетау қаласында алғаш рет балалар арасында шаңғы жарысынан жарыс өткіземіз.

Ал күн аязды болғанымен, старт сызығына 10 мен 16 жас аралығындағы жүзге жуық қатысушы шықты. Жарыс екі күн бойы өтеді. Балалар бос уақытында «Bolashaq Saraiy балалар мен жасөспірімдер сарайына, сондай-ақ облыс орталығының көрікті жерлеріне барады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: ауылдық жерлердегі табыс пен өмір сапасын арттыру

2023 жылдан бері Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img