spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
24.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен аптада «Достар» мәдениет үйінде  Отбасы хрестоматиясы жобасының  авторы, ағартушы, шығыстанушы Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының салтанатты тұсаукесері болды, деп хабарлайды «Қоғамдық даму орталығы» КММ Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы Айгүл Үстембек. 

Кітап авторы Өзбекәлі Жәнібектің мәдени  майдан жолындағы атқарған қызметін, ұлттық құндылықтарымызды қызғыштай қорғаған  сәттерін, өнегелі өмір жолында ұлтқа қызмет етудегі  батылдығы мен адалдығын сипаттап, мемлекет  және қоғам қайраткерінің ұлт руханиятына қосқан елеулі үлесі  туралы айтып көкше жұртын сілкіндіріп тастады.

Тағылымды іс-шараға Көкшетау қаласының зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар мен студент – жастар,  қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кітаптың тұсаукесу рәсімін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, қоғам белсендісі Серік Жетпісқалиев жасады. Қаламгер кітап авторына өзінің жылы лебіздерін білдіріп, игі жұмысына сәттілік тіледі.

Өзбекәлі Жәнібек – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жаңғыртуға, ұлтымыздың бай мұрасын келешек ұрпаққа жеткізуге орасан еңбек сіңірген қайраткер. Белгілі қоғам қайраткері, біртуар талантты ұйымдастырушы, шығармашылық тұрғыда ойлайтын және үнемі ізденіс үстінде жүретін, мәдениет үшін жанын салатын біртуар азамат еді.

– «Кеңестік дәуірде мемлекеттік қызметте жүрген кез келген азаматқа ұлттық ұстаныммен қызмет ету қиын болғанын білесіздер. Сол кезеңдерде Өзбекәлі ағамыз қай салада, қай ортада қызмет етсе де, ең бірінші ұлттық ұстанымынан айнымады.  Әсіресе, этнография, салт-дәстүр саласында, бала тәрбиесінде ағамыздың жасаған еңбектері орасан зор. Сонымен қатар, талай ғұлама адамдардың жолдарын ашып, жол сілтеп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетті. Қазіргі танда біз бұрын кім болдық, мәдениетіміз бен тарихымыз қайдан шықты, болашағымыз не болады деп, ойлайтын жастар баршылық. Шетелде де оқып келіп, Қазақстанда бірдене шығарамыз деп табанды түрде күресеміз деген жалынды жастардың талайын білемін. Күреске бойлаған жастарымыз көп болсын!», –  деп кітап авторы өз ойын түйіндеді.

Кеш барысында оқырман қауым өздерін қызықтырған кітап кейіпкерлері жайында толғандырған сұрақтарын қойып, автордан автограф та алды. Мәдени шара соңында патриоттық әндер айтылып, ерекше сезіммен тарқасқан жастар қауымы Санжар Керімбаймен естелік фотосуретке түсті.

Елінің қамын ойлаған біртуар адамдардың дара жолдарын зерттеп, келешек ұрпағымызға мұра етіп қалдыратын Санжар Керімбайдай азаматтар көп болсын деп тілейміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img