spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Көкшетау қаласы Әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары байқауларда 97 жүлделі орынға ие болды 

Сондай-ақ...оқыңыз

Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі – Сарыарқа шағын ауданында  2018 негізі қаланған білім ордасы. Қазіргі таңда бір ауысымда 37 сынып комплектісінде 941 оқушы білім алуда. Оқыту тілі – қазақ тілі. Лицейде ІТ бағытындағы  робототехника, 3Д модельдеу, бағдарламалау сияқты пәндер оқытылады. Жалпы лицей бойынша білім сапасы 75% құрайды.

        –  Лицей түлектері еліміздің және шетелдік алдыңғы қатарлы ЖОО білім алуда. Былтырғы 50 түлектің 39-і мемлекеттік грант, оның ішінде 2 оқушы Назарбаев университетінің грантына, 1 оқушы шетелдік ЖОО грантына ие болды, түлектердің басым көпшілігі техникалық , ІТ бағытындағы мамандықтарды таңдауда.  Биылғы түлектеріміздің ішінде 11 сынып оқушысы Айқын Алина әлемнің 7 мемлекетінің 12 университетінің оқу гранты мен стипендиясына ие болып отыр. Оқушыларымыз облыстық, республикалық деңгедегі олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері атанып отыр. Лицей мақтанышы – 11 сынып оқушысы Ербатыр Ерниз тарих пәні бойынша облыстық олимпиада жеңімпазы, «Менің кіші отаным» байқауының жүлдегері, Қ.Сәтпаев университетінің грант иегері атанып отыр. Биылғы оқу жылында облыстық пән олимпиадасында 6 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.   Лицейдің СТЕМ бағыты бойынша «JasSkills Aqmola 2023″ чемпионатына,   «ҚАЗРОБОСПОРТ- 2023» конкурсына,  облыстық Robotek Grand Tournament 2023», -«Lego mindstorm EV3 РОБОСУМО» облыстық  халықаралық «WRO-2022 робототехника» олимпиада байқауларына – 83 оқушы жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі директоры Айгерим Кошанова.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында лицейде шаңырақ оқушылар қауымдастығы құрылды.Әр шаңырақ оқушылар қауымдастығына педагог-ұйымдастырушылар жетекшілік етеді. Туған өлке мен жер  атауларын ұлықтау мақсатында   шаңырақтарға «Көкшетау», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр», «Зерен», «Тұран», «Сарыарқа» атаулары берілді.

       –  «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы әр аптаның дүйсенбісі күні ҚР әнұраны орындалады,сейсенбі күні «ІТ day», сәрсенбі күні «Бір әннің тарихы», бейсенбі күні «Дара тұлға», жұма күні «Reading tim» жобаларымен қатар 2023-2024 оқу жылы  Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыру негізінде   әр әдістеме бірлестік пән мұғалімдері+ оқушы+ата-ана бірлескен  «Eco Box»,«Q-science»,  «Master Club» ,«Тарихқа құрмет»,«ІQ ДОДА»  ,«Әлеуметтік тәжірибе»,«Көңілді үзіліс»,«ІQ UP» ,«Мектеп қабырғасындағы бизнес»,«ІТ genius» ,«Бұрымды қыз», «Мен және спорт»  әлеуметтік тәжірибелер мен жобалар жоспарланып  ұйымдастырылуда. Ата-аналарды  педагогикалық  қолдау  мақсатында    «Даналық мектебі» жұмыс атқарады, – деді Айгерим Болатқызы.

Шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық байқауларына 97 жүлделі орын иеленді. Лицей халықаралық ынтымақтастыққа жол ашып, Чехияның, Түркияның, Оң.Кореяның университеттерімен келісім жасап, олимпиадалар мен тілдік лагерьлерге белсенді қатысуда.Лицейде жыл қорытындысы бойынша дарынды оқушылар шеруі өткізіліп, «Үздік шаңырақ», «Үздік бастауыш сынып», «ІТ жыл оқушысы» номинациялары беріледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img