spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында былтыр 1630 адамға қандас мәртебесі берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өткен жылы 688 отбасына немесе 1630 адамға қандас мәртебесі берілді, –деп хабарлайды aqmolanews.kz сайты kaz.inform-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, Тәуелсіздік алғаннан бері Ақмола облысына 30 мыңнан астам қандас қоныс аударған.

Былтырғы жылы 1591 адам, 645 отбасы келген. Оның басым көпшілігі — Моңғолия, Түрікменстан, Ресей, Өзбекстан, Қытайдан атажұртқа қоныс аударғандар.

–Облысымызға келген қандастар Целиноград, Астрахан, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Қосшы, Степногор қалаларында тұрып жатыр. Олар жалпы персонал және құрылыс саласында жұмыс істейді. Жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігі тұрғын үй құнының 50 пайыз мөлшерінде өтеледі, бірақ қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін 1 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайды. Көшуге арналған шығыстарды өтеу бір мезгілде отағасына және әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу үй сатып алғанға дейін ай сайын, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімде ұсынылады, – деді ведомстводан.

Бүгінгі күні олардың біразы жергілікті мемлекет көмегінің арқасында жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жастардың арасында Қазақстанда білім алып, жұмыс істеп жатқандар бар.

Соның бірі – Моңғолияның қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағынан келген қандасымыз Мұхамед Тілеубай.

–Мен тарихи отаныма 2018 жылы келдім. Бастапқыда әрине, қиындықтар болды, жұмыс, оқу деген сияқты. Осында ағам тұрғандықтан баспана жағынан қиындық болмады. Алғашында Астанада құрылыста жұмыс істедім. Кейін арада бір жыл өткен соң Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне грантқа оқуға түстім. 2023 жылдан бастап Көкшетауда жергілікті газетте журналист ретінде жұмыс істеп келемін. Жалпы, айтарым Қазақстанда қандастарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған, азаматтық алуда кедергі жоқ. Тек мәртебе алу қиын, ол үшін шалғай ауылдарға бару керек, көптеген қандастар қала маңында қалғысы келеді. Сол жағынан алғанда қиындық бар, – дейді Мұхамед Тілеубай.

Айтуынша, Қазақстан мен Моңғолияны салыстырғанда тарихи отанымызда жұмыс істейтін жастарға мүмкіндік көп. Бос жұмыс орындары да жеткілікті, түрлі мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған.

Осы ретте «Жұмыспен қамту» тәрізді мемлекеттік бағдарламар ақмолалықтарды еңбекке тартып, өз ісін бастауға немесе қайта даярлық курсынан өтіп, түрлі кәсіпорындар мен мекемелерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға едәуір септігін тигізуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img