spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
26.2 C
Kokshetau

«Самұрық-Қазына» басшысы Н.Жақыповонкологиялық оңалту орталығының жұмысынабастау берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, емдеудің нәтижесінде пайда болған өмірдің жаңа жағдайларына бейімдеуге және әлеуметтік шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған. Болашақта бұл орталық арқылы онкологиялық сырқаты бар 3000-ға жуық қазақстандыққа көмек көрсетілетін болады. Аталмыш оңалту бөлімшесі Батыс Қазақстан медициналық университетінің жанынан ашылды.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының 2023 жылы атқарған жұмысына есеп беру шарасында сөз алған басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов аталмыш оңалту орталығына бастау беріп, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, шара барысында 5 жедел жәрдем көлігімен реанимобильдің кілті Ақмола және Түркістан облыстарына табысталды. Енді шалғайда орналасқан ағайын қолжетімді уақытылы медициналық көмек алатын болады.

Дәл осындай көліктер өткен жылы 5 өңірге тарту етілген еді. 2023 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры 7,2 млрд теңге болатын 46 әлеуметтік жобаны қаржыландырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды

Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы енді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика