spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында жылдың басында жаңа мектеп ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданы Шұбар ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды.

Жалпы білім беретін мектепте 12 қазақ және орыс тілдері, тарих, физика, математика, ағылшын тілі, информатика және т.б. оқу кабинеттері, сондай-ақ 6 бастауыш сынып кабинеттері бар.

Мектепте жабдықталған спорт және акт залы, кітапхана және тир бар. Педагогикалық ұжым 34 мұғалімнен тұрады.

Шұбар ауылының 168 оқушысы бұған дейін 1962 жылы салынған шағын негізгі жалпы орта білім беретін мектепте оқыған. Енді жаңа тоқсаннан бастап олар жарқын әрі кең ғимаратта оқитын болады», – дейді мектеп директоры Мүбарак Байшолақов.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов елордалық ауданға жұмыс сапары аясында жаңа мектепке барды.

«Жаңа мектеп жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады. Осы мектептен біздің облысты ғана емес, республиканы да өз білімі мен талантымен дәріптейтін лайықты азаматтар шығатынына сенімдімін. Ал біз сіздерге барлық жағдай жасауды жалғастырамыз», – деді аймақ басшысы.

Целиноград ауданында бүгінде 10 мектеп және 1 балабақша салу жобасы жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, өткен жылы Ақмола облысында 3892 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жібек жолы ауылында 300 орындық және Қосшы қаласында 1200 орындық мектептерді іске қосу есебінен үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді. Қосшы қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған 1500 орындық мектеп мемлекет меншігіне берілді. Ақкөл қаласының №4 мектебіне қосымша ғимарат пайдалануға берілді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 22 600 оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарлануда.​​​​​​​​​​​Сондай-ақ қазір өңірде 7 мектептің құрылысы жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img