spot_img
Жексенбі, Маусым 15, 2025
27.2 C
Kokshetau

Ақмола облыс прокуратурасымен қатысуымен азаптау фактілеріне жол бермеу бойынша сабақ өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

 

 

Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі-Облыстың ҚАЖД) №2 мекемесінің базасында облыс прокуратурасының Басқармасы бастығының орынбасары Б. Әлмағамбетовтың қатысуымен азаптау фактілерінің, сондай-ақ сотталғандармен ар-намысты қорлайтын басқа да адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және оларға жол бермеу бойынша сабақ өткізілді.

Сабақ барысында облыс прокуратурасының қызметкері Мемлекет басшысының азаптау мен қатыгездікті жою туралы тапсырмасын, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінде орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Ағымдағы жылдың басынан бастап азаптауды тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жататыны заңнамалық түрде бекітілген.

Сотталған адамдарға құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты заңды күшіне енген сот актілерінің мысалдарын келтіре отырып, ҚК-нің 146-бабының (азаптау) талаптары түсіндірілді.

Бұдан басқа, облыстың ҚАЖД сабақ барысында жеке құрамға қылмыстық-түзеу жүйесі қызметкерлерінің, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануы бойынша әдістемелік ұсынымдар жеткізілді.

Сондай-ақ сотталғандарды жеке қабылдауды жүзеге асыра отырып, мекеме аумағын аралау жүргізілді.

 

Ақмола облысы прокуратурасы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің үлескерлері қоныс тойын қала күні атап өтеді  

Қосшы қаласының күніне орай «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің үлескерлері көптен күткен пәтерлерінің кілтін алады. Бұл туралы Ақмола облысының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика