spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Жаңа жылмен құттықтауы

Сондай-ақ...оқыңыз

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен алдымызда келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл – бұл біздің әрқайсымыз үшін ең жарқын және қуанышты мерекелердің бірі.

Өтіп бара жатқан 2023 жыл көптеген маңызды және ауқымды оқиғаларымен ұмытылмастай болып біздің есімізде қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға және экономикалық дамуымызға бағытталған саясатының арқасында біздің еліміз маңызды табыстарға қол жеткізіп, әлемдік қауымдастық алдында лайықты беделге ие болды. Бірқатар саяси реформалар жүргізіліп, экономикалық даму бағытын және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру өз жалғасын табуда.

Өткен жылдың біздің өңірімізге де әкелген жетістіктері аз емес.
Өңірдің әрбір жоғары көрсеткіші – біздің күн сайынғы қажырлы ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Әрине, алдағы 2024 жылға  да біз үлкен үміт артамыз. Бұл жылы да бірқатар елеулі мәселелерді шешіп, маңызды мақсаттарға қол жеткізу міндеті тұр. Оның әрқайсысы өңірдің әрбір тұрғынының өмірін жақсартып, қызықты, жайлы ете түседі.

Құрметті жерлестер!
Келе жатқан Жаңа жыл тек қана жақсылық пен жарқын өзгерістер әкелсін. Жаңа жылымыз қуанышқа, жақын адамдарымыздың жылылығы мен сүйіспеншілігіне толы болсын. Барлық жетістіктеріміз бен табыстарымыз салмақты болып, қиыншылықтар артта қалуға, армандарымыз орындалуға жазсын.
2024 жыл баршаңызға денсаулық, бақыт, тұрақтылық пен мол игіліктер әкелуіне тілектеспін!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы өткізілді

«Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы: таза болашаққа қадам. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы Восточная көшесі бойында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика