spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ел жастарын қолдауға басымдық берілмек

Сондай-ақ...оқыңыз
Биыл Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Бұл заңның басты жаңалықтарының бірі – жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту. Осылайша, жастардың саны 5,7 миллион адамға дейін артты. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балева хабарлады.

2023 жылы жастардың даму индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдардың жастармен жұмысының және олардың мәселелерін шешудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Онда ауыл жастарымен жұмыстан бастап патриоттық тәрбиеге дейінгі 7 бағытты қамтиды. Одан басқа 80 іс-шарадан тұратын іс-қимыл жоспары қабылданды. Тұжырымдаманың нәтижелері бар. 943 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 467 мыңы – жастар», – деді министр.

Дарынды жастарды мемлекеттік тұрғыда қолдау мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын беріліп келеді. Заңға сәйкес үміткерлердің жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Жастарды қолдау үшін марапаттау номинациялары өзгерді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында бизнес, ғылым, мәдениет, БАҚ және ақпараттық технологиялар саласындағы 30 үздік жоба анықталды. Жастарды баспанамен қамту мәселесі де қолға алынды. Қазіргі таңда «Отбасы банкімен» бірлесіп, «9-20-25» жаңа бағдарламасы әзірленуде, оның негізгі қатысушылары жастар болмақ. Одан бөлек, министрлік креативті индустрияны дамытумен айналысып жатыр. Жұмыс екі бағытта жүргізілуде.

«Біріншісі – ұйымдастырушылық бағыт. Креативті индустрия секторын дамытудың институционалдық негізі қалыптасты. Министрліктің құрылымында мамандандырылған департамент құрылды. Қазір біз тиісті инфрақұрылымды: аймақтардағы креативті индустрия орталықтары мен хабтарын, сондай-ақ таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға және коммерцияландыруға жәрдемдесуді мақсат тұтатын «Креатив хаб» халықаралық креативті индустрия орталығын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз»,-деді ведомство басшысы.

Оған қоса креативті индустрияны қолдау және дамыту туралы заң жобасы әзірленді. Ол зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы өзгертуді, мүмкіндігінше креативті индустриялар қауымдастығын қалыптастыру үшін мәдениет объектілерінде қосымша алаңдар ұсынуды, оқытудың білім беру бағдарламаларын ұлғайтуды, креативті индустриялар өкілдеріне салықтық преференциялар беруді көздейді. Бұл осы саланың дамуына қуатты серпін береді деген болжам бар. Аталған заң жобасы Үкіметтің қарауында және қаңтар айында Мәжіліске түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img