spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері ауа райына байланысты 2500 мыңнан астам көлікті ілестіріп жүрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Үш күн ішінде Ақмола облысының автожолдарында ауа райына байланысты бірқатар шектеулер енгізілді және көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Жолдарда жиналған көліктерді қадағалау үшін патрульдік полиция бөлімшелері оларды ілестіріп жүруді ұйымдастырды. Автокөліктерді орналастыру кезінде полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимі мен аралықты сақтау қажеттілігін түсіндіреді.
24-26 желтоқсан аралығында полицейлер 2568 автокөлікті, оның ішінде Астана-Петропавл, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Теміртау және Көкшетау-Атбасар автожолдарының учаскелерінде 399 жүк автомашинасын ілестіріп жүрді.
Жол қызметтері мен ішкі істер органдарының жедел өзара іс-қимылы мақсатында Ақмола облысына іргелес: СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарымен ауа райы және жол жағдайлары нашарлаған кезеңде автомобиль жолдарын бір мезгілде жабу жөнінде шешім қабылданды.
26 желтоқсандағы жағдай бойынша қозғалыс Көкшетау-Петропавл, Көкшетау-Омбы, Көкшетау-Рузаевка, Көкшетау-Атбасар (Зерендіден Атбасар қаласына дейін), Екатеринбург-Алматы (Жақсы ауылынан Астана қаласына дейін), Жақсы-Есіл-Бузулук, Қостанай-Әулиекөл-Сурған, Жезқазған-Петропавл жолдары жабылды.
Патрульдік полицейлер колонналар құруды және жол бойында көлік құралдарын ілестіріп жүруді жалғастыруда.
Полицейлер жүргізушілерден елді мекендерден шықпайларын сұрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img