spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Брифинг барысында жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізу туралы айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖ Департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаевтың қатысуымен «Жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізу» тақырыбында брифинг өтті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алу үшін мерекені ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажет, бұл талаптарды мүлтіксіз орындау жарақаттануды болдырмауға және кейбір жағдайларда адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
«Департамент қызметкерлері жаңа жылдық іс-шараларды өткізу көзделіп отырған адамдар көп жиналатын орындарда қызметкерлер үшін өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті нұсқамалар өткізеді. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тартылатын объектілердің тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда барлығы 476 нысан ескерілді», – деп атап өтті Қанат Доспаев.
Ақмола облысының ТЖ департаменті жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін объектілердің әкімшілігіне ерекше жауапкершілік жүктелетінін еске салады. Ауқымды мерекелерді өткізу кезінде:
– терезелерінде торлары жоқ және ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан, кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген үй-жайларды пайдалануға жол беріледі;
– шыршаларды оның бұтақтары қабырғалар мен төбеге тиіп кетпеуі үшін және ағаштың өзі бөлмеден шығуға кедергі жасамауы үшін тұрақты етіп орнату керек;
– жарықтандыру электр қондырғыларын монтаждаудың техникалық нормаларын сақтай отырып орындалуы тиіс. Егер жарықта ақаулық анықталса (сымдардың қызып кетуі, ұшқын), оны дереу өшіру керек;
– іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және залдарда өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img