spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері штангакөтеру жарысында мықты қатысушылар ретінде танылды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Штанганы көтеру бойынша спорттық жарыстар «Динамо» спорт кешенінде өтті. Оған өңірдің барлық құқық қорғау және күш құрылымдарының спортшыларықатысты. Күш пен төзімділікке Төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық – атқару жүйесінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, 5510 әскери бөлімінің, Ақмола облысы Полиция департаменті мен Көкшетау қаласыПолиция басқармасының және Жарқайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жарыстар төрт салмақ дәрежесі бойынша өткізілді, ал команда қатысушылары максималды салмақ дәрежесін көтеру арқылы өздерінің күші мен төзімділігін көрсетуі керек болды. Әр жаттығуды орындау үшін белгілі бір уақыт пен әрекет берілді.
Турнир нәтижелері бойынша жеке біріншіліктерде және командалық есепте жеңімпаздар анықталды. Өз салмақ дәрежесінде бірінші болып Ерасыл Еламанов (70 кг-ға дейін), Рустам Белхороев (80 кг-ға дейін), Сергей Тыщенко (90 кг-ға дейін) және Ерлан Жақыпов (90 кг-нан астам) танылды.
Нәтижесінде Полиция департаментінің командасы жеңімпаз атанды, ал Төтенше жағдайлар департаментінің командасы екінші орын алды. Көшбасшылар үштігіне Көкшетау қаласы Полиция басқармасының спортшылары да кірді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге лайықты марапаттар табысталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img