spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай іс-шара өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының «Bolashaq saraiy» сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан, қоғам, саяси партиялар, бизнес құрылымдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында біз қоғамда әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталғанбыз. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мәселелерді тиімді шешуде қоғамның барлық секторларының сындарлы өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады», – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы N4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру аясында облыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін айтты. Жобалық тәсілдің арқасында басшылардың жауапкершілігін жекелендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды оңтайландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру мүмкін болды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан өз сөзінде тұрғындар мен бизнес үшін маңызды мәселелерді кешенді шешу мақсатында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз. Жыл өткен сайын жемқорлыққа төзбейтін азаматтардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлықпен күрес күткен нәтиже бермейді», – деді Асхат Оразхан.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Іс-шараның соңында облыс әкімі мен департамент басшысы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді, ҮББ-4 және сәйкестікті насихаттайтын мамандарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img