spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында 8 мыңнан астам адам еңбек шартының бұзылуынан зардап шекті

Сондай-ақ...оқыңыз

Еңбек құқықтық қатынастары біздің мемлекетіміздің әрбір азаматына студент кезден бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін әсер етеді. Бұл сала ерекше назар аударуды талап етеді және өзекті болып табылады.

Ақмола облысының прокуратурасы 2023 жылдың өткен кезеңінде «Еңбек туралы» әлеуметтік қорғау саласында 42 талдау жүргізді. Талдау барысында 72 заң бұзушылық анықталды, прокурорлық қадағалау және ден қою актілері бойынша 8449 адамның құқықтары қорғалды, оның ішінде 438 конституциялық құқық, жол берілген бұзушылықтар үшін 142 жауапты адам тәртіптік жауапкершілікке, сондай-ақ 68 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Прокурорлар тарапынан анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі мүгедектердің еңбек құқықтарын қорғау саласында.

Атап айтқанда, мүгедектігі бар қызметкерлерге қосымша еңбек демалысы берілмеді, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленбеді, жеке табыс салығы заңсыз ұсталды.

Нәтижесінде 60 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге қосымша еңбек демалысы беріліп, жұмыс уақыты қысқартылды, осылайша 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар 103 адамға негізсіз ұсталған салықтарды (лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды) және нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждарды қайтару мүмкіндігі шектеулі 56 адамға (нотариустар тәртіптік жауапкершілікке тартылды) қамтамасыз етілді. Мүгедектерге берілетін жеңілдіктер (https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/669609?lang=kk).

Сондай-ақ, бұл салада жиі кездесетін мәселелер жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек шартын жасамауы болып табылады.

Бүгінгі күні прокуратура органдарына еңбек  құқықтарының бұзылуы, заңсыз жұмыстан босату және жалақы төлемеу түріндегі мәселелер бойынша жиі жүгінеді.

Көбінесе өтініштерді қарау немесе азаматтарды қабылдау кезінде еңбек шартының болмауы сияқты мән-жайлар анықталады.

Еңбек шартының болмауы қызметкерлердің заңда белгіленген еңбек құқықтарын бұзуға әкеп соғады.

Ал Еңбек кодексінің 23-бабында жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға міндетті екендігі тікелей көрсетілген.

Қорытындылай келе, жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ олардың еңбек қызметін жүзеге асырудағы еңбек құқықтары мен міндеттерін білуді атап өткен жөн.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img